• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 23:44:42
Алматы
+35°

20 Тамыз, 2019 NEWS

Атырау облысында мемлекеттік еңбек инспекциясының жедел желісі жұмыс істейді

Мұнай саласындағы қызметкерлердің контрактілерінің аяқталуына байланысты көп сұрақтар туындайды. ​ ​ ​ ​

Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік Аубакировтың айтуынша, жедел желі қызметкерлердің құқықтары бұзылу фактілеріне дер кезінде жауап қату үшін қосылған, – деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

И.Аубакиров еңбек инспекциясының мынадай негізгі міндеттерін атап өтті: ​ ​ ​ ​ ​ ​

– ҚР еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;

– Қызметкерлердің құқықтары мен еркіндіктерінің (соның ішінде, қауіпсіз еңбек жағдайларының) сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз ету;

– ҚР еңбек заңнамасының мәселелері бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өтінімдерін, мәлімдемелерін, арыздарын қарау.

– Жедел желіде 1302 тез қоңырау шалу нөмірін, сондай-ақ, WhatsApp-та 87719927263 нөмірін іске қостық. Солар арқылы облыстың тұрғындары өздерін қызықтыратын барлық мәселелер бойынша еркін ақыл-кеңес ала алады, – деді Игілік Аубакиров. – Түскен сигналдардың барлығына біз уақтылы жауап қатамыз.​ ​ ​ ​ ​

​Сондай-ақ, И.Аубакировтың айтуынша, қазір Теңіз кен орнында мемлекеттік еңбек инспекциясының кеңсесі ашылған. Қызметкерлер тарапынан еңбек құқықтарына қатысты сауалдар туындаған жағдайда, вахталық поселкедегі инспекторлар уақтылы жауап қата алады. ​

– Алдағы уақытта барлық ірі вахталық поселкелерде инспекторларды орналастыруды жоспарлап отырмыз, – деп ой бөлісті басқарма басшысы. –Еңбек инспекторлары жергілікті жерлерде түскен арыздардың барлығына жауап қатып отырады. Теңіз кен орнында олар өзінің тиімділігін дәлелдеп үлгірді.​ ​ ​ ​

Сондай-ақ, И.Аубакировтың айтуынша, мұнай саласындағы қызметкерлердің контрактілерінің аяқталуына байланысты көп сұрақтар туындайды. ​ ​ ​ ​

– Осы жерде келесідей мәселенің басын ашып алу қажет: егер адам бір жылға контрактіге тұрып, ол аяқталғасын, жұмыс көлемінің орындалуына байланысты қызметкермен есеп айырысу жасалса, бұл заң бұзушылық болып табылмайды. Бірақ, қызметкерді контрактісі біткенше лауазымынан босатып жатса, бізге хабарлассын. Біз тексеру жүргізіп, оның құқықтарын қорғау үшін бар мүмкіндіктерді пайдаланамыз, – деп сендірді Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы. ​ 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір