• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:52:50
Алматы
+35°

Жамбыл журналистикасының ардагері Болат Мәуленов Ақпара және қоғамдық даму министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісіне ие болды.Биыл жетпіс жасқа толған журналист үшін бұл төсбелгі мерейтойы қарсаңында үлкен сый болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Марапатты иесіне Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында Қазақстан Республикасы Конституция күніне орай ұйымдастырылған салтанатты жиында Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов тапсырды. Айта кету керек бұл марапатқа Болат Мәуленовті Қазақстан Журналистер Одағының облыстық филиалы ұсынған еді.

Жалпы «Ақпарат саласының үздігі» атанған Болат Мәуленовтің есімі облыс тұрғандарына жақсы таныс. Ол 40 жылға жуық журналистік еңбек жолында облыстық газетте, ақпарат агенттігінде, телерадио компанияда өзіндік қолтаңбасын қалдырған кәсіпқой журналист. Алғашқы мақаласын алтыншы сынып оқып «Қазақстан пионері» газетінде жариялаған Б.Мәуленов содан бері «жегені жантақ, арқалағаны алтын саналатын» мамандықтың ыстық суығына төзіп келе жатқан жан. Мектепті тәмамдаған соң Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне түседі. Қолына журналист мамандығын растайтын дипломын алған соң 1976-1992 жылдар аралығындағы қазіргі «Аq jol» (бұрынғы «Еңбек туы») газетінде аға әдеби қызметкер, шолушы, бөлім меңгерушісі тәрізді шығармашылық қызмет сатыларынан өткен. Кейіннен Жамбыл облыстық телерадиокомпаниясы төрағасының шығармашылық жөніндегі орынбасары, облыстық радионың бас редакторы қызметтерін атқарды.

Әр жылдары бірқатар республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының облыстағы меншікті тілшісі болып еңбек етті. Атап айтқанда Болат Мәуленов облыстық әлеуметтік экономикалық өмірін республикалық «Дала дидары», «Ауыл», «Айқын», «Қазақстан—Заман» газеттерінің өңірдегі меншікті тілшісі ретінде көрсете білді. Журналистік қызметтен қол үзбестен мойынқұмдық атақты қырықтықшы Шотай Тайбағаров тәжірибесі жайында «Қой қырқу шеберлігі» кітабы мен «Еңбекпен ер атанғандар» очерктер жинағын жарыққа шығарды.

Биыл Болат Мәуленовтің очерктер, сұхбаттар, толғаулар топтастырылған «Мұз бен гүл» кітабы баспадан шықты.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жамбыл облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір