• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:04:18
Алматы
+35°

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында Елбасы жергілікті халық киелі санайтын орындар жайындағы мәліметтерді ұрпақ санасына сіңірудің маңыздылығына тоқталғаны мәлім. Осы орайда Жамбыл облысы аумағында орналасқа Жыландыкөл аталатын орынның тарихы Айша бибінің байланыстырыла айтылады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Ел арасындағы аңыздарда ХІ-ХІІ ғасырларда өмір сүрген ғалым әрі ақын Сүлеймен Бақырғанидің қызы Айша бибі мен Таразды билеген Шах-Махмуд арасындағы махаббат оқиғасының қайғылы аяқталғаны айтылады. Әкесі Сүлеймен Бақырғани өмірден озған соң Айша бибі анамыз шейх Айқожаның тәрбиесінде қалған. Алайда шейх Айқожа Айша бибі мен Шах-Махмудтың некесіне қарсылық танытады. Соған қарамастан Бұқарадан сүйгені мекен еткен Таразға қарай бет алған Айша бибі жолда қиын жағдайға душар болады. Қазіргі Аса өзенінің жағасындағы Жыландыкөлге ат шалдырып, демалып жатқан Айша бибіні жылан шағып жазым етеді. Сүйіктісін жылан шаққанын Қараханға Бабаджа хатун естіртеді. Қарахан жеткенше жылан уы денесіне тарап кеткен Айша бибі анамыз жантәсілім етер шағында имам екі ғашықтың некесін қияды. Алайда имамның «Сен Қараханның жұбайы Айша бибісің» деген соңғы сөзді естіген Айша бибі анамыздың көзінен жас аққан күйін жалған дүниемен қош айтысып кете барады.

Міне ғасырдан ғасырларға жеткен осы бір тарихи оқиға бүгінгі Әулиекөл ауылының маңындағы көлде болған. Қазіргі таңда Әулиекөл аталатын көл бір кездері Жыландыкөл аталыпты. Өйткені сол дәуірдің көлдің маңы жыланның түр-түріне толы болған екен. Қазір осы кезінде жылан жортқан қара балшықты емдік мақсатта пайдаланады. Медицинада жыланның уымен қоректенген балшық мың түрлі ауруға шипа саналады.

Бір кездері аңыздың кейіпкері, шынайы махаббат символына айналған Айша бибінің сүйіктісіне жетер жолын байлаған Жыландыкөл бүгінде жергілікті тұрғындардың , жанына шипа іздегендердің ат басын бұратын шипалы орынға айналды. Ал дәл осы Жыландыкөл маңында мәңгілік сапарға аттанған қас сұлудың құрметіне сүйіктісі Қарахан орнатқан кесене тәу ете келетін туристердің саны жыл санап ұлғая түсуде. Осыдан соң өз заманында Айша бибінің өліміне себепкер болғанымен соның өтеуіне мыңдаған адамның дертіне дауа табылып жүрген Жыландыкөлдің киелілігі ешқандай талас тудыра қоймас.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір