• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:25:14
Алматы
+35°

Жамбыл облысының Байзақ ауданында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасына енген тарихи мәдени ескерткіштерді сақтау, насихаттау бағытында ауқымды жұмыстар қолға алынған. Аталған жобаға енгізілген Түймекент жұрты да өлкені бай тарихынан сыр шертеді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл қала жұртының орны Байзақ ауданындағы Түймекент ауылының оңтүстік шетінде орналасқан. Қалажұртының маңынан Талас өзені ағып жатыр. Қазақ тарихындағы 2000 жылдықтан астам тарихы бар Жаркент, Тараз, Манкент, Сайрам, Түркістан, Отырар сияқты тарихи ірі қалаларымен аты қатар аталатын Түймекентті қоршаған қоршаулардың биіктігі 4,5- 7 метрді құрайды.

Түймекент қалашығына алғашқы зерттеу жұмыстарын 1894 жылы В.Бартольд жүргізген. Араға 40 жыл уақыт салып мұнда Бернштам жетекшілік еткен Жетісу археологиялық экспедициясы табан тіреген. 1983 жылы қала жұртына белгілі археолог ғалыс Мадияр Елеу жетекшілік жасаған әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің археологиялық экспедициясының тобы зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Тарихшы ғалымдар мұнда табылған жәдігерлер мен құрылысында сәулеттік ерекшеліктерді талдай отырып қаланың біздің заманымыздың VI – XII ғасырларында өмір сүргенін анықтады.

Түймекент қалашығының пайда болуына қатысты аңыздардың бірінде қала атауының Түйме сұлудың құрметіне аталғанын айтылады. Өз заманында ірі сауда-экономикалық орталық болған қалаға Ұлы Жібек жолы да аялдауы ғажап емес. Қазір мұнда аудан мектептерінің, колледждерінің оқушылары мен студенттеріне арнап экскурсиялар ұйымдастырылып тұрады. Ал қала жұрты аумағында бой көтерген ауыл бүгінде Түймекент деп аталады. Өз кезегінде бұл ауыл аудандағы ең үлкен әрі халқы көп қоныстанған елд мекен саналады.

Жалпы осы уақытқа дейін Байзақ ауданында 64 тарихи-мәдени ескерткіш тіркеуге алынса оның 4-і республикалық маңызы бар, ал қалғандары жергілікті маңызға ие ескерткіштердің санатына жатады. Республикалық дәрежедегі археологиялық ескерткіштердің бірі Ботамойнақ ауылдық округіндегі «Қостөбе қалашығы» 2007 жылы ЮНЕСКО-ның «Бүкіләлемдік мұра комитетінің» тізіміне енгізілді. Ал 2017 жылы «Қазақстанның 100 киелі жерлері» арнайы жобасына «Байзақ датқа» кесенесі енгізілген болатын.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жамбыл облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір