• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 14:33:43
+35°

Жамбыл облысында қоғамдық жемқорлық жағдайларына жол бермеу мақсатында «Адал жол» жобасы жүргізілуде. Нәтижесінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық офисі өкілдерімен есептік бір ай ішінде Көліктік бақылау инспекциясымен бірлесе билетсіз жолаушыларды анықтау мақсатында 8 рейдтік шара жүргізілген болатын. Онда 4 билетсіз жолаушыларды алудың фактісі анықталып, жолсеріктерге 50 500 теңгеге әкімшілік хаттама толтырылды. Ал облыстық маңызы бар жолдарда жүргізілген рейдтік іс-шаралар нәтижесінде жүк автокөліктері жүргізушілеріне артық салмақтағы жүк тасымалдағаны үшін 20 хаттама толтырылып, 3 853 757 теңге айыппұл салынған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. .

Бұдан бөлек, департаменттің бастамашы болуымен «Жол бер – өмірді сақта» акциясы өткізілді. Акцияның мақсаты – жүргізушілерді адалдыққа және жауапкершілікке шақыру. Олардың саналарына адам өмірін сақтауда жедел-жәрдем автокөлігіне әр секунд маңызды екенін түсіндіру. Іс-шара барысында жол жүру ережесін бұзып, жедел-жәрдем автокөлігіне жол бермеген автокөлік иелеріне 3 әкімшілік хаттама толтырылып,жүргізушілермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл акцияны айына 1 рет өткізіп, жүргізушілер бойында парасаттылық бейнені қалыптастыру жұмыстары жүргізілмек.

Соымен қатар, департамент аймақтағы жоғары оқу орындарында өткен магистратураға түсу бойынша өткен емтихандарға бақылау жасаған. Атап айтқанда, 2019 жылдың 10-14 тамызы аралағында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде магистратураға түсу үшін талапкерлер кешенді тестілеуден өтті. Аталған теслілеу жұмыстарына департамент қызметкерлері, арнайы мониторингтік топ өкілдері және «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі бақылаушы болып қатысты.

Кешенді тестілеуге 834 талапкер өтініш білдіріп, оның 778-і тестілеуге қатысқан. Талапкерлерден ұялы телефон, калькуляторлар, «шпаргалка» және басқа да тыйым салынған заттар табылған жағдайда аудиториядан шығарылып, акт жасалып, одан әрі тестілеуге қатысудан босатылатыны алдын-ала ескертілді.

Емтиханға кірер алдында талапкерлерден 517 ұялы телефон, 80 шпаргалка, 6 корректор алынды. Тестілеу процесінде аудиториялар бейнекамералар арқылы бақыланып, алдын ала ұялы байланыс өшірілді.

Кешенді тестілеудің жалпы нәтижесі бойынша 15 студент емтихан барысында ұялы телефон қолданғаны үшін тестілеу залынан шеттетіліп, акт толтырылып, тестілеуге қатысудан босатылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір