• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 14:19:23
Алматы
+35°

Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков Сарысу ауданындағы жұмыс сапарымен болды. Бекболат Серікбекұлы сапарын аудан орталығындағы орталық қазандықтың жылу маусымына әзірлігін көруден бастады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Қазандықтың жылу қуатын өндіріп, тасымалдап тарату, ауыз суды көтеру, оны беру, шайынды суды қабылдап, тазалап ағызу секілді негізгі қызметтерімен таныстырып өтті.

1965 жылы іске қосылған қазандықтың 98 Гкал/сағ қуаттылығын, жұмысшы санымен орташа еңбек жалақы,техникалық жағдайының бүгінгі ахуалын, облыс әкімінің бірінші орынбасарына жеткізді.

Сондай-ақ, Жаңатас қаласындағы кәріз желілерін қайта жаңғырту жұмысын жүргізіп жатқан мердігер жұмысымен танысты. Б.Орынбеков тапсырысшы: Сарысу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі,бас мердігер: «СК-Ретма» ЖШС-гіне қажетті тапсырмаларын берді.

Жалпы 2013 жылы «Жаңатас қаласының кәріз желілерін және тазалау имараттарын қайта жаңғырту. Кәріз желілері» нысанының құрылыс-монтаж жұмыстары басталды.

«Сарысу ауданы Жаңатас қаласының кәріз желілерін және тазалау имараттарын қайта жаңғырту. Кәріз желілері. Түзету» нысанының жұмыстарын жалғастыруға 2018 жылға қаражат бөлініп толықтай игерілген. 2018 жылы нысан басында 9,6 шақырым кәріз құбыры салынып, 300 дана құдықша орнатылды сонымен қатар сметада қаралған 8500 м2 асфальт жабындысы төселінді.

Темір жол астымен кәріз құбырын өткізу, әлеуметтік нысандар мен көпқабатты тұрғын үйлерге кәріз желісін қосу, жеке сектордағы көшелерге кәріз желісін тарту жұмыстары жүргізілді.

2019 жыл ға 6,0 шақырым кәріз желісі, 450 құдықша, 450 люк және құдықшаларға түсіп-шығатын темір сатылар орнатылмақ.

Жаңатас қаласы 6 шағын аудан, 2 шағын аудан бастилио ғимаратының алдына асфальт төселеді және бордюрлар қойылады. Тұрғын үй алқаптары кәріз желілеріне қосылады. 2019 жылдың қазан айының аяғында құрылыс жұмыстары толық аяқталады деп күтілуде.

Сондай-ақ облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбеков жұмыс сапары барысында Жон өлкесіндегі Аралтөбе аймағына да ат ізін салды.

Мұнда ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына үлес қосып жатқан химия өнеркәсібі саласындағы алпауыттардың бірі

«ЕвроХим-Тыңайтқыш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты.

Аталмыш компанияның жұмыс барысымен «ЕвроХим-Тыңайтқыш» ЖШС-ның бас директоры Игорь Георгиади таныстырып,Б.Орынбеков алдағы жоспарларын қарап, басқа да өзекті мәселелер жөнінде өзара пікірлесті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір