• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 11:39:12
Алматы
+35°

Жамбыл облысында «жасыл экономикаға» көшу жұмыстары қарқынды жүруде. Нәтижесінде Әулиеата аймағы еліміздегі баламалы энергия көздерін пайдасына жаратып отырған аймақтардың көшін бастап отыр. Атап айтқанда, Жуалы ауданындағы «Бурное-Солар» күн электр стансасы, Қордай ауданындағы жел электр стансасы және бірнеше су электр стансалары табиғи таза қуат өндіруге мүмкіндік беріп отыр. Аталған нысандардың қатарын жуырда Сарысу ауданында салынатын жел электр стансасы толықтырмақ деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Қазіргі уақытта Сарысу ауданы әкімдігінің Түркістан ауылдық округінен берілген 233 гектар жер көлемі «Жаңатас Жел Электр станциясы» ЖШС-нің ұзақ жылдар бойы ел экономикасының дамуына өзіндік үлес қосуына ықпал етпек.

Инвестициялық жоба аясында жергілікті халықтың жағдайын жасау мен қатар әлеуметтік-экономикалық дамуға үлкен серпін бермек.

Бұл Елбасымыздың жыл сайынғы Қазақстан Халқына Жолдауларындағы отанға келіп жатқан инвесторларға қойылатын алғы талаптардың бірі.

Ауданға арнайы іссапармен келген Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбеков осы «Жаңатас Жел Электр станциясы» ЖШС-нде болып, атқарылып жатқан ауқымды жұмыстармен танысты.

Электр станциясының құрылысы 2020 жылға қарай толығымен аяқталған соң, осында 40 адам тұрақты жұмыс істейтін болады. жобаның құны-130 млн. АҚШ долларын құрап отыр. Қуаттылығы 100 МВТ электр энергиясын өндіреді деп күтілуде.

Құрылыс жұмыстарының алғашқы кезеңі басталған бұл жел электр стансасы алдағы уақытта Орта Азиядағы желден электр қуатын өндіретін ең үлкен станса болмақ. Осы стансада болған Б.Орынбеков мердігерлермен тілдесіп, алдағы жоспарларды талқылады.

Сапары барысында Бекболат Орынбеков сондай-ақ Түркістан ауылдық округіне де ат басын бұрды. Онда облыс әкімінің бірінші орынбасары округ әкімшілігінде болып, округ әкімі Дүйсенәлі Борсықов пен және ауыл қарияларымен жолықты.

Аталмыш округке Әшір Бүркітбаев, Арыстанды, Үшбас елді мекендері кіреді. Округтегі ақсақалдардың пікірлерін тыңдап, өтініштеріне құлақ асқан облыс басшысының бірінші орынбасары ауыл ел бесігі арқылы алдағы уақытта көптеген жақсы жаңалықтар орын алатынын жеткізді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір