• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 06:59:32
Алматы
+35°

Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков Сарысу ауданында жұмыс сапарымен болды. Сапары барысында Бекболат Серікбекұлы бірнеше азаматтарды жеке мәслелерімен қабылдап, олардың айтқан уәждерін тыңдап, оның орындалу жолдарын қарастырды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Содан соң ауданында жұмыс сапарын қорытындылау бойынша актив жиыны өтті. Онда тиісті мекеме-кәсіпорын басшыларын нақты тапсырмалар беріліп, жұмысты жауапкершілікпен атқару мәселесі қозғалды.

Сонымен қатар 2019-2020 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық барысы туралы көшпелі штаб отырысын облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбеков жүргізді. Штаб төрағасы өз сөзінде:

– Бүгінгі өткізіліп отырған Штаб отырысының мақсаты – көмірмен қамту нысандарын, бюджеттік нысандарды, орталықтандырылған жүйемен жылу алатын көпқабатты тұрғын үйлерді және барлық инфрақұрылымдық желілерді жылыту маусымына уақытылы және сапалы дайындау.

Өздеріңізге белгілі, жылыту маусымында жылу,электр желілеріндегі ақаулар, ұзақ-қысқа мерзімді тоқтаулар, қазандықтардағы технологиялық ережелердің сақталмауы орын алып жатқаны белгілі.

Алдағы уақытта нысандарды қайта жаңғырту және күрделі жөндеуге қатысты бюджеттік жобалардың, отын-энергетика кешені кәсіпорындар мен жоспарланған жөндеу жұмыстарының, инвестициялық бағдарламалардың уақытылы орындалуын, кәсіпорындардың дебиторлық-кредиторлық берешектерінің жойылуын, көпқабатты тұрғын үйлердің жылу энергиясын қабылдауға толық қамтамасыз ету қажет.

Бұл мәселелер облыстық Штабтың тұрақты бақылауында және жоғарыда аталған қандай да бір кемшіліктер жіті назарға алынып, оларды орындамау нәтижесінде тиісті шаралар қабылданатын болады. Сондықтан үлкен жауапкершілікпен қарауды сұраймын, – деді.

Одан кейін, Сарысу ауданы әкімінің орынбасары О.Көкей аудандағы нысандардың жылыту маусымына дайындық барысына тоқталды.

Сарысу ауданы бойынша білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандарының дайындығы туралы да мекеме басшыларынан облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбеков жеке-жеке сұрап, нақты тапсырмалар берді.

Штаб отырысын облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбеков қорытындылай келе, Сарысу ауданының 2019-2020 жылдардағы жылу беру маусымына дайындықтарын күшейту қажеттігін қатаң ескертті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір