• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 21:10:16
Алматы
+35°

Тараз қаласындағы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің М. Ф. Үркімбаев атындағы Жастар сарайында "ТҮРКСОЙ" жастар камералық оркестрінің концерті өтті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Түркі кеңесінің 10 жылдығына арналған ТҮРКСОЙ Жастар камералық оркестрінің концерттік турнесі Түркістан қаласынан басталған болатын. Концерттік бағдарлама Қазақстанның Түркістан, Шымкент, Тараз, Алматы қалаларында, Қырғызстанның Бішкек және Әзербайжанның Баку қалаларында жалғасатын болады.

Бүгінге дейін құрамында 10 елдің 100-ден астам талантты жастары өнер көрсеткен оркестрге бұл жолы Татарстаннан Ренат Салаватов, Қазақстаннан Анвар Акбаров, Әзербайжаннан Мұстафа Мехмендаров дирижерлік етті.

"ТҮРКСОЙ" халықаралық ұйымы 1993 жылы түркі тілдес халықтар арасындағы ортақ тарихы мен мәдениеті бар рухани байланыстарды қалпына келтіру мақсатында құрылды. Ұйымның қамқорлығымен Халықаралық камералық оркестр, жастар камералық хоры, халық аспаптар оркестрі құрылды және әлем бойынша гастрольде өнер көрсетеді.

"ТҮРКСОЙ" халықаралық жастар камералық оркестрі ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов мырзаның бастамасымен 2010 жылы құрылды. Аталған музыкалық ұжымды құрудың мақсаты – аталған ұйымға кіретін Түркі әлемі музыканттарының бірлестігі және түркі тілдес елдер композиторларының музыкасын насихаттау.

– Бұл оркестр - мәдени құндылықтарымызға негізделген мақсатты жұмысымыздың көзге көрінген нақты нәтижесі. «ТҮРКСОЙ» жастар камералық оркестрінің Орталық Азияға алғаш рет турнеге шығып отыр. Оркестріміз құрылған күннен бұл күнге дейін әлемнің түкпір-түкпірінде концерттер берді. Алайда өз аймағымызда осындай ірі турне ұйымдастырмап едік. Бұл турне - біз үшін туған аймағымыздағы алғашқы турымыз болады, - деді халықаралық түркі мәдениеті ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов.

Оркестр музыканттарының құрамында Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркменстан, Түркия, Ресей Федерациясынан – Башқұртстан Республикасы және Татарстан Республикасының азаматтары бар. Ұжым репертуарында - әлемдік классиканың шығармалары және түркі тілдес елдер композиторларының шығармалары орындалды.

Халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымының жүзеге асырған концерттік турнелерінде әлемдік деңгейдегі сахна саңлақтарымен бірге өнер көрсетіп, тәжірибе жинаған жас таланттар тыңдаушыларын түркі әлемі музыкасының сиқырлы сазына саяхат жасауға шақырады.

Жастар камералық оркестрі көптеген елдерде музыка өнерінің табынушыларын қуантатын табысты халықаралық ұжым болып табылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір