• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 01:49:38
Алматы
+35°

Ағымдағы жылдың 7 айы ішінде Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Call-center орталығына әр түрлі құқық бұзушылықтар туралы 768 азаматтың өтініші түскен, олардың ішінде 30 Жамбыл облысының аумағында жасалынған заң бұзушылықтарға қатысты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жоғарыда көрсетілген 30 өтініш Департаментке түсіп, бірден ақпараттарды есепке алу кітабіна тіркеліп, барлық өтініштер бойынша қажетті тексеру шаралары жүргізілген. Call-center орталығына түскен өтініштер бойынша қылмытық істер қозғалмаған.

Call-center орталығына түскен өтініштерге жүргізілген талдауға сәйкес, көп жағдайда азаматтар әкімшілік және оның құрылмдық бөлімшелері қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне қатысты шағымданады, одан кейін ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қатысты. Өтініштердің мәніне көңіл аударатын болсақ, көбінесе лауазымды адамдармен ақша талап ету деректері болып табылады.

Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1131 бекітілген «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу туралы қағидасына» сәйкес азаматтармен үнемі түрде жұмыстар жүргізілуде.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарға, егер кінәлі адамға қатысты әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы немесе айыптау үкімі заңды күшіне енген болса, біржолғы ақшалай сыйақы төленеді.

Осылайша, ағымдағы жылдың 7 айында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған – 18 адамға (2018ж. 12 айында – 13 азамат) жалпы соммасы 2,5 млн. теңгеге (2018ж. 12 айында – 1,7 млн. теңге) біржолғы ақшалай сыйақы түрінде көтермелеу төленген.

Статистикалық ақпаратқа жүгінетін болсақ, жоғарыда көрсетілген 18 өтініш бойынша ҚР ҚК-нің төмендегі баптары бойыша қылмыстық істер қозғалған.

Барлық тіркелген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық деректері бойынша, лауазымды адамдар әр түрлі қылмыстық жауаптылықтарға тартылған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір