• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 16:24:41
Алматы
+35°

02 Қыркүйек, 2019 NEWS

Журналистерге арналған «THE ART OF STORYTELLING» фестивалі

Үстіміздегі жылғы 18 қыркүйекте Алматыда «The Art of Storytelling» фестивалі өтеді.

Биыл үшінші рет өтетін фестивальді "Vlast" интернет журналы ұйымдастырып отыр. Аталған шараға спикер ретінде халықаралық БАҚ-та жұмыс істейтін және белгілі бір деңгейде жетістікке жеткен кәсіби мамандар шақырылған.

Фестивальде әлеуметтік журналистика, зерттеу, ақпараттар жинау, подкасттар туралы мамандар әңгіме өрбітеді.

Спикерлер арасында ВВС арнасы Орыс қызметінің журналисі Нина Назарова, Quartz репортері Юю Жу, "Такие дела" порталы мен "Нужна помощь" қорының директоры Митя Алешковский, "Норм" подкастының авторлары Наст Курганская мен Даша Черкудинова, "The New York Times Magazine" авторы Бен Маук, "Holod" басылымының авторы Таисия Бекбулатова бар.

Фестиваль билеттері сатылымға шығарылған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір