• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 13:14:14
Алматы
+35°

Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, «Qazaqstan dauiri» газетінің Бас редакторы:

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған тұңғыш Жолдауын қарап шықтым.

«Жолдауда не айтылады екен?» деген ой көпшілігімізде болғаны рас. Халықтың әлеуметтік жағдайына баса мән беріпті. Халықтың да көңілінен шығады деген сенімдемін. Ең бастысы, осы айтылған сөздер мен көтерілген мәселелер өз шешімін тауып жатса, халыққа одан артық не керек? Күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелер жетіп-артылады. Қай саланы алсаңыз да, бүгін сіз бен біз айтып бере алатын дәрежедеміз.

Жолдауды оқып отырып, «бұл мәселе енді қалай болар екен?» деген күмәнді ой болғанын жасырмаймын. Ол бәрімізге белгілі – Жер мәселесі. Кезінде ауылда жайылым жерлер болмай қалғанын білеміз. Қай халық болсын Жер – ол үшін ең қастерлі, ең қасиетті қазынасы. Жерді пайдалана алатын шаруаға беріп жатса, аз ғана жылдың ішінде ол да өз нәтижесін беретініне сену керек. Ел арасында жерге қатысты қауесет жүргені тағы белгілі. Президент соған нүкте қойып: «Мемлекет басшысы ретінде тағы да мәлімдеймін: жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Оған жол берілмейді» дейді. Сену керек. Осыдан кейін енді бос, дақпырт сөздерді тыйған жөн деп ойлаймын.

Көңіліме қонған тағы бәр мәселе – «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша биыл 6000 отбасы үй алады делінген. Баспана қазақтардың ең үлкен «бас ауруы» екенін жақсы білеміз. 30 мыңдай көпбалалы отбасы болса, 2-3 жылдың ішінде олардың бәрінде үй болады дегені өте қуантарлық жағдай. Бағдарлама Алматы қаласында басталып та кетті. Бюджеттік несиелендіру бағдарламасына қатысушы көпбалалы отбасыларға Алматы қаласы әкімдігінен құны 1 млн теңгелік тұрғын үй сертификаты беріледі. Бұл қаражат заем алар кезде алғашқы жарнаны өтеуге арналған. Несие тек жаңа тұрғын үйді сатып алу үшін беріледі. Заемның ең жоғарғы сомасы 15 млн теңгеге тең. Алматылық тұрғындар «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша пәтерді өздері іздеп табуға тиіс. Бұл бұрын-соңды болмаған тамаша жаңалық қой.

Қазақ көбею керек. Бүгін мемлекет көпбалалы отбасылардың қолтығынан демеп, олардың өсіп-өнуіне жағдай жасап берсе, ертең сол балалар мемлекетті көтеретін болады. Мен оған сенімдімін. Өйткені, сан бар жерде әрдайым сапа бар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір