• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
18 Қыркүйек, 01:03:03
Ауыл шаруашылығы министрлігінің назарына! «Жем шөптің бағасы күйіп тұр, қамшыңа жазшы», – дейді әкем

03 Қыркүйек, 2019 NEWS

Президент Жолдауын іске асыру жоспары әзірленеді

Жолдауды іске асыруға қажетті қаражат Парламент Мәжілісіне енгізілген үш жылдық бюджет жобасында қарастырылады.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жоспары әзірленеді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Шығындарды оңтайландыру және активтерді инвестициялық басқарудың сапасын жақсарту мақсатында Үкіметке бірыңғай әлеуметтік қор құру және бір әлеуметтік төлем енгізу жолымен әлеуметтік қамтамасыз етудің бюджеттен тыс жүйесін шоғырландыру мәселесін зерделеу тапсырылды. Сондай-ақ жергілікті бюджеттерді қалыптастыруға халықты нақты тарта отырып, барлық деңгейлерде бюджет процесін ұйымдастыру қолға алынады", –  деді ол Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған Үкімет отырысында.

Бірінші вице-премьердің атап өтуінше, аудандық, қалалық және ауылдық билік деңгейлері жергілікті маңызы бар міндеттерді шешуде экономикалық жағынан неғұрлым дербес болуы үшін тиісті заңнамалық актілер қабылданады.

"Жалпы, біз Жолдауда көрсетілген тапсырмаларды іске асыру және орындау бойынша тиісті іс-қимыл жоспарын әзірлейтін боламыз. Президент Жолдауын іске асыруға қажетті қаражат Парламент Мәжілісіне енгізілген үш жылдық бюджет жобасында қарастырылады", – деді Ә.Смайылов.



Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір