• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
23 Қазан, 10:46:52
Назарбаев: "Нұр Отан" халықты мазалайтын мәселелерге араласпайды

03 Қыркүйек, 2019 NEWS

Атырау қаласының маңында 102 шақырымнан аса жолға асфальт төселеді

Жұмысшылар қала маңындағы 97 көшеге, яғни, 102 км жолға асфальт төсейді, –деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыс орталығының негізгі көшелерінде ғана емес, қала маңындағы селолық округтерде де құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Атап айтсақ, Ақсай-2, Тасқала-3, Дамба-2, Еркінқала-2 ауылдық округтерінде жуық арада жаңа асфальт пен тротуарлар пайда болады. Өзге аудандардағы секілді , мұнда да мердігерлер жол төсемін тегістеп, жиектерін жөндеп, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар жасайды.

– Қазіргі уақытта қала маңындағы 20 көшеге – 14 шақырымнан астам жол төселді. Жұмыс әлі де жалғасуда, мердігерлер алдын-ала жоспарланған учаскелерге жаяу жүргіншілер жолдары мен тратуарларға асфальт төсейді, –дейді қалалық ТКШ бөлімінің бас маманы Алмас Сарсенов.

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір