• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 08:42:54
Алматы
+35°

03 Қыркүйек, 2019 NEWS

ШҚО Үржар ауданы инвестиция тартудан алда келеді

Үржар ауданында атқарылып жатқан игі істер жетерлік. Бұл туралы өңірлік коммуникацияялар қызметінде өткен брифингте Үржар ауданының әкімі Серік Зайнулдин айтып берді.

Елбасының Жолдауында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында ауданда кәсіпкерлерді қолдау, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтамасыз ету мәселелері қолға алынған.
 
Ағымдағы жыл басынан бері Үржар ауданына 4 миллиард 783 миллион теңгеден астам инвестиция тартылған. Бұл 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Ал бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 8 миллиард  957 миллион 700 мың теңгені құрап отыр. Қазір ауданда асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуда мемлекеттік қолдау шаралары жалғастырылуда. Асыл тұқымды ірі қара малдарын дамытумен ауданның 11 қожалығы, асыл тұқымды қой шаруашылығымен 4 қожалық айналысады. Бүгінгі күні, аудан бойынша жалпы мал басынан асыл тұқымды ірі қара малының үлесі 4,9% (4980 бас), асыл тұқымды қойдың үлесі 4,2 % (8157 бас) құрайды.
 
– «Отандық сүт бағытындағы мал шаруашылығын дамыту» мақсатында «Юбилейный» ЖШС (жоба құны 100,0 млн. теңге өз қаражатына)  және «Сағади» шаруа қожалығы (жоба құны 283,0 млн. теңгеге «КазАгроҚаржы» АҚ-ы несие қаражаты) базалары негізінде жалпы сиымдылығы 400 басқа арналған сүтті-тауарлы фермалары іске қосылып, жұмыстарын жүргізуде, – деді Серік Зайнулдин.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір