• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 16:29:21
Алматы
+35°

1 қыркүйек күні еліміздегі барлық мектептер жас бүлдіршіндерге есігін айқара ашып, білім күнін атап өтеді. Жаңа оқу жылының басында Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қарой ауылдық округінде орналасқан «Нұр Әлім» жекеменшік балабақша мектебінде де арнайы мерекелік шара өтті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Елбасы 2020 жылы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі білім беру мекемесімен қамту деңгейін 100 пайызға жеткізу қажетігін тапсырған болатын. Осыған орай қазір мемлекет пен жекеменшік әріптестік аясында балабақшалар ашылуда. Яғни, кәсіпкерлер мемлекет жасаған мүмкіндікті жібермей, Балапан бағдарламасын жандандыруға ден қоюда. Осы мақсатта Жамбыл ауданы Қарой ауылдық округінде мемлекеттік тапсырыс аясында ашылған «Нұр Әлім» балалақша мектебі жұмысын жандырып отыр. Олай дейтініміз 2018 жылға дейін тек балабақша ретінде жұмыс жасаса, өткен жылдан бері мектеп ашып, жас бүлдіршіндерге бастауыш білім беріп келеді. Бүгінде 280 балабақша жанынан 350 орындық бастауыш мектеп балаларға екі тілде білім беріледі. Айта кетерлігі, балабақша мектепте қазіргі таңда іріктелініп алығна 85 педагог маман жұмыс жасайды екен. Биылғы жылы мұндағы мектеп табалдырығына 85 бала аттап отыр.

Білім күні мерекесіне арнайы ұйымдастырылған шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің басшысы Равиль Төлебаев, аудандық білім бөлімінің басшылары мен ата-аналар қатысты. Жиында Равиль Қуанышбайұлы бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтап, мектеп ұжымына шығармашылық табыс тіледі. Сондай-ақ аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Динара Қасымова аталған білім ошағының жұмысын жоғары бағалап, оқу үдерісіндегі жетістіктерін атап өтті. Ал ата-аналар атынан сөз алған Айгүл Қабиева ауылдық жерде орын тепкен мұндай мектептің көңілге қуаныш ұялатынын тілге тиек етіп, өзі немересін облыс орталығынан арнайы алып келгенін жеткізді. Сонымен қатар ол мектеп басшылығына алғысын білдірді.

Мерекелік шарада мектеп табалдырығын алғаш аттаған Әкімбек Қуанышбек пен Есмира Манарбек алғашқы қоңырау соқты. Мұнан соң білім ошағының шәкірттері ән айтып, биден шашу шашты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір