• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 04:22:48
Алматы
+35°

Ағымдағы жылдың екінші онкүндігінен бастап Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен волейболдан «ТҮНГІ ЛИГА» чемпионаты бастау алды.

Ойынның мақсаты, Жамбыл облысының мемлекеттік қызметшілері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға тарту, мемлекеттік қызметшілер арасында достық қарым-қатынасты нығайту болып отыр. Сонымен қатар, негізгі мақсаттардың бірі жасақталған командалар арасында үздік ойыншыларды анықтап республикалық жарыстарға мемлекеттік қызметшілердің облыстық құрамасын жасақтап жіберу көзделуде.

Сондай-ақ, әр мемлекеттік қызметші ашықтықты қамтамасыз ету үшін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен және үкіметтік емес ұйымдармен тығыз қарым қатынаста жүреді. Бұл жағдайдыда ескере отырып БАҚ өкілдерінен құралған 1 команда, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерінен құрылған 1 команданы ойынға қатыстырылып отыр. Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалынан 1 команда қосылды.

Волейболдан «ТҮНГІ ЛИГА» чемпионатында екі топ бар.

Қазіргі кезде «А» тобында орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінен, жергілікті атқарушы (облыс әкімдігі басқармалары) органдардан және БАҚ құрамасы, үкіметтік емес ұйымдардардың құрамасы, Академия филиалынан құралған 22 команда ойын көрсетуде.

Ал, «Б» тобында Тараз қаласы мен аудан әкімдіктері өздеріне қарасты бөлімдердің ішінде ұйымдастырып өткізетін болады.

«Түнгі лига» чемпионаты үстіміздегі жылдың 15 маусымнан бастау алып, 2020 жылдың маусым айына дейін іріктеу кезеңі жалғасады. Келесі жылдың маусым айында «А» және «Б» топтарынан ең жоғарғы ұпай санын жинаған командалар арасында тағы ойын өткізілетін болады.

Жеңімпаз атанған командаға мемлекеттік қызметшілер арасында волейболдан «ТҮНГІ ЛИГА» чемпионы атағы беріледі. Жүлдегер командалар тиісті дәрежелі Кубоктар, медальдар мен дипломдармен марапатталады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір