• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 13:18:41
+35°

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев апта басындағы Жолдауында еліміздегі басты құндылықтардың бірі – ұлттар достығы екенін баса айтқаны белгілі. Ал Жамбыл өңірінде ұлыстардың ынтымағы көпке үлгі екені байырдан белгілі. Соның анық айғағы ретінде Тараз қаласының Достық үйінде облыстық ҚХА Аналар мен ақсақалдар кеңесінің этномәдени бірлестік жастарымен «Елімнің еркіндігі – Ата Заңым» атты кездесуі өтті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесі ұйымдастырған шараға этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы және облыстық және қалалық БАҚ өкілдері қатысты.

Жиынды облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Убайдуллаева ашып, күн тәртібіндегі мәселелерге тоқталып өтті.

Бұдан кейін ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы, «Жамбыл облысының өзбек этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің басқарма мүшесі Мухаббат Миражапова «Қазақстан Республикасының Конституциясы - еркіндік, теңдік және бостандық мұраттарын ұстану» тақырыбында баяндама жасап, Конституциямыздың ерекше тұстарын атап өтті. Келесі кезекте «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы» төрағасының орынбасары Ибрагим Зуфаров Ата заңымыз – Конституцияның біздің өміріміздегі маңыздылығы жөнінде өз ойын ортаға салып, Қазақстан конституциясына сәйкес қазақстандықтардың ұлтына, тіліне, дініне шектеу қойылмай, құқықтары тең дәрежеде қаралатындығы, кез-келген Қазақстандағы этнос өз салт-дәстүрлерін ұстануға, көпшілік назарына ұсынуға құқылы екенін айтты. «Және әрбір қазақстандық азамат Конституцияда көрсетілген заңға сәйкес әрекет етсе, Қазақстанның болашағы жарқын болары анық. «Ахыска» этномәдени бірлестігі еліміздің Ата заңына толық арқа сүйеп, медет тұтамыз» - деп сөзін түйіндеді.

Жиын соңында Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Махсұдқызы іс-шараға қатысқан этномәдени бірлестіктердің аға буыны мен жастарын Конституция күнімен құттықтады.

Осылайша әулиеаталық этнос өкілдері айтулы мерекеге айрықша өзіндік үнін қосты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір