• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 11:53:46
Алматы
+35°

Қуат ӘУЕСБАЙ, «Түркістан» халықаралық газетінің бас редакторы:

- Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың алғашқы Жолдауынан қазақ журналистикасының қазығы қағылған Алматыдағы қаламгер қауым жылы қабыл алды. Жолдау жарияланғаннан көп өтпей «Түркістан» газетінің жанындағы «Алдаспан» пікірсайыс алаңында бір топ алматылық журналистің басын қосып, Жолдауда мән берілген басым бағыттарды талқыға салып, ой елегінен өткіздік. Жиынға қатысушыларды Жолдауда әлеуметтік мәселелерге көп басымдық беріліп отырғаны ерекше қуантты. Президенттің сайлауалды бағдарламасында да бұл мәселелерге ерекше тоқталған болатын. Жалпы айтқанда, халықтың көкейінде жүрген, алаң тудырған түйіткілдерді Мемлекет басшысы дөп басып, олардың алдағы уақытта міндетті түрде өз шешімін табатынына уәде етті. Ел сенімін нықтай түсу үшін жыл соңында атқарылған істердің қорытынды есебі болар деп үміттенеміз.

Президенттің «Қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт ретіндегі рөлін бекемдеп, этносаралық татулық пен дінаралық түсіністікті қалыптастыра беруіміз қажет» деген сөзі көп көкейінен шығуда. Сондай-ақ, «қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді» дей келе, тек мұндай нәзік мәселеде даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс істеуіміз керек екенін ескертті. Сол сияқты жеріміздің шетелдіктерге ешқашан сатылмайтыны туралы пікірі де көптен бері елді елеңдетіп қойған мәселеге нүкте қойғандай болды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір