• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 16:17:43
Алматы
+35°

04 Қыркүйек, 2019 Барлық аймақтар

Тоқаев: «Азия алыбы» халықаралық әдеби сыйлығын тағайындаған жөн

Азия қаламгерлері форумы шығармашыл қауымның маңызды диалог алаңына айналуы керек

Бүгін Елордада Азия қаламгерлерінің бірінші форумы басталды. Оған қырыққа жуық елден қаламгерлер қатысуда. Азия қаламгерлерінің І форумында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі. Ол өз сөзінде Азия форумы қаламгерлердің ортақ диалог алаңына айналу қажеттігін айтты. 

–Азия әдебиетін одан әрі дамыту үшін біз мынадай маңызды мәселелерге назар аударуымыз қажет.
Алдымен, Азия қаламгерлері форумы шығармашыл қауымның маңызды диалог алаңына айналуы керек.
Бұл маңызды шара Азия елдерінде тұрақты түрде өтуі қажет деп санаймын.
Адамзатты толғандырған күрделі мәселелер дәл осындай алаңдарда ортаға салынуы тиіс.
Азияны бүкіләлемдік рухани даму орталығы ретінде дамыту айрықша маңызды.
Сондықтан әдеби үдерістерді жаңғырту үшін жағдай жасау – басты міндеттердің бірі.
Осы мақсатта «Азия алыбы» халықаралық әдеби сыйлығын тағайындаған жөн.
Әлемдегі әйгілі сыйлықтар секілді бұл марапаттың да беделін арттыруға күш салуымыз керек.
Азия қаламгерлері туындыларының біртұтас электронды кітапханасын құратын уақыт жетті.
Бұл Азияның теңдессіз дүниетанымы жинақталған баға жетпес асыл қазынаның есігін жер жүзіне айқара ашатын құнды дүние болары сөзсіз.
Осындай игі бастамаларды іске асыру жұмысы қаламгерлерімізді біріктіріп, Азия әдебиетін жаңа белеске шығарады деп сенемін, –деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев форумының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір