• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 21:14:30
Алматы
+35°

04 Қыркүйек, 2019 NEWS

Қазақстанның үш облысында ескерту жарияланды

Өңірлердегі дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95 %.

Синоптиктер Қазақстанның 3 облысында дабылды ескерту жариялады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

4-6 қыркүйек аралығында Қызылорда облысының кей жерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. 5-6 қыркүйекте кей жерде шаңды дауыл соғып, бұршақ түседі. 4 қыркүйекте таңертең және күндіз, 5-6 қыркүйекте тәулік бойы батыстан соққан жел солтүстікке ауысуы мүмкін. 

4 қыркүйекте Қостанай облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман түседі, түнде 1-3 градус үсік жүріп, күндіз найзағай ойнайды.      

4 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде 1-3 градус үсік жүреді.

Өңірлердегі дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95 %.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір