• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 07:02:14
Алматы
+12°

Мәжіліс депутаты Владимир Божко қазақстандықтар биліктің алдында тізерлеп тұрып, алғыс айту керек деп есептейді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы депутат кеше өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында айтты. 

"Биліктің не істеп жатқанын көріп, түсіністік таныту керек. Иә, бір ғана дерек бойынша - үш жыл ішінде халықтың әлеуметтік қолдауы 17 есе өсті. Бұл үшін, кешіріңіз мені, қазақстандықтар билікке тізерлеп тұрып, ризашылығын білдіруі керек", - деді Божко.

Депутаттың бұл мәлімдемесі көпшіліктің наразылығын тудырды. Танымал актер Нұртас Адамбай да депутатты сынға алды. 

"Депутат Божко, егер сіз мемлекеттік көмек «17 есе өссе» тиімді болып, онда көмекке мұқтаж отбасылар саны бүгінде аздау болар еді деп ойламадыңыз ба? Адамдар жағдайы жақсы болғандықтан көмек сұрады деп есептейсіз бе? Аз қамтылған отбасылардың жағдайын өз көзіңізбен көрдіңіз бе? Халық билік алдында тізерлеп тұрып алғыс айту керек пе? Сенімдісіз бе? Жалпы мемлекеттік қызметкер өзі мүдделерін қорғауға тиісті адамдарға қатысты осындай пікір білдіруі дұрыс па? Зейнетке шығатын кез келмеді ме, Божко?", - деп жазды Нұртас Адамбай өзінің фейсбук парақшасында. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір