• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 06:27:27
Алматы
+35°

Президент, елге құлақ ас!
Ұлардай улап-шулаған.
Жайдан-жай жұртың жыламас,
Жүрегі атша тулаған!
Барамын дейсің Қытайға,
Арқалап ауыр міндет-жүк.
Қытайда жатыр күш-айла,
Береді емсіз індет қып.
Халқыңды тыңда, оданда,
Елбасын емес күні өткен.
Сарқылды сабыр, адамда,
Қазақылықпен күзеткен.
Қайтесің қытай зауытын,
Күніміз қарап қалып па?
Қазақтың сен де жауысың,
Құл болсаң "қытай-алыпқа".
Жарқырап тұрған жарық күн,
Кең байтақ жерің тәуелсіз.
Қытайға көнсең ғаріп шын,
Өксікпен күнде өлерміз.
Еркек бол, ер бол, Тоқаев!
Антыңа адал адам бол!
Отыра берме, шоқайып,
Ел қорға, басты қадам сол!
Президент, сөзге құлақ ас!
Қытай ма бақыт өлшемі?
Еуропамен аралас,
Еңкейтпе, ез боп еңсені!
Бейжіннің мәлім пиғылы,
Жеріңе сенің қызыққан.
35 зауыт сыйлығы,
Қылбұрау салып құрықтан.
Қылғындырып бұрайды,
Инвестиция әрекет.
Көк туың күлге құлайды,
Билейді сайтан пәлекет.
Осыны көрмей не болды?
Айдаһар жұтар жеті бас.
Келіп тұр, айтып"бол-болды",
"Тоқаев,"тоқ-тоқ!" есік аш!"
Жуытпа, жетер, жолатпа,
Қытайсыз атар таң күліп.
Жармасты сан бит балаққа,
Өрмелеп басқа, қаңғырып.
Қазағың — жаның, жүрегің!
Жанашыр басқа кімің бар?
Қазағың — қаның, тірегің!
Қазақпен ғана күнің бар!
Әуелі — Алла, содан соң,
Халқың ғой арқа сүйерің!
Қара қытайға орман қол,
Есіктің ашпа тиегін!
Сөз тыңда, Қасымжомартым,
Қырық кісілік ақылмен.
Итер-қылжыңды доғарғын,
Санасқын, біздей пақырмен!
Халықтан асқан ешкім жоқ,
Еліңді тыңда, Президент!
Өзекті өртеп естім от,
Тәуелсіздік! Отан! Жер үшін,
Ел үшін қаным төгілсін!
Ойланып жатпан, жан пида!
Ерлерде басқа сезім жоқ!
Еліңде басқа сезім жоқ!
Менің де басқа сөзім жоқ!

Мұнайдар Балмолда

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір