• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 17:26:59
Алматы
+35°

Қытай мәселесі тағы да өзектеліп келеді. Жалпы, бұл сұрақ, шыны керек, оқтын-оқтын, сырткөз біреулердің, көрінбейтін үшінші күштердің нұсқауы бойынша өршіленіп тұратын тәрізді.

Қытай жөнінде не білеміз, ол елдің экономикалық экспансиясы басқа елдерге қалай әсер етеді?

Ең бірінші айта кететін мәселе, Қытайдың экономикалық әсері дамыған деген елдердің баршасына белшеден батқан.

АҚШ-пен Қытайдың тауар айналымы 633,5 млпрд доллардан асып кеткен, бұл бүгінгі дүниедегі ең жоғарғы тауар айналымы болып табылады. Қытайдың сыртқы сауда айналымы 4,5 триллион долларға жетіп отыр. Оның басым көпшілігі АҚШ, Европа, Латын Америкасы, Африка, Тынық мұхит-Азия елдеріне тиесілі.

Бүгінгі Қытайдың жағдайы, инвестицияның әлемдік монополисті. Осындай кезеңде біз не істеуіміз керек?

Ең негізгі аспект, қытаймен біз шекараласпыз, оны саны көп, экономикасы аспандап барады.

Сақ болуымыз керек. «Сақтықта қорлық жоқ» деп бекер айтпаған, бұл дұрыс.
Әр-бір жобаны мемлекеттік экспертизадан өткізу негізгі міндет, сол экспертизаның өзі ашық, қоғамның араласуымен болуы керек. Ақпараттың шындығы мен ашықтығы өте маңызды. Ұлттық қауіпсіздік мәселесі ең бірінші орында.

Бірақ, басқа халықтарға қарсы «қоқан-лоқы да» жақсылыққа апармайтындығы анық. Бізге сабыр, ақыл-парасат, нақты есеп саясатынан басқа жол жоқ. Қытай бізден басым, бұл объективті фактор. Осы әрқаша есте болуы керек.
Менің ойымша, «55-зауыттың» мәселесінде де шикілік болуы ықтимал. Бізің елімізге келетін инвестициялардың басым көпшілігі Европа, АҚШ-қа тиесілі, Қытай тек қана 4-орында.

Осы жағдайды мемлекеттік органдар бізге дұрыс түсіндіруі, айтып отыруы өте маңызды. Түсіндіру жұмыстарын дұрыс жолға қою өте-мөте маңызды.
Диалог дегеніміз осы, мемлекеттік орындар халықты толғандырып отырған мәселелерге нақты, шынайы жауап беруі керек.
Еліміздің Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері дәйекті, нақты мәлімет беруі керек. Жалпы,Өкіметтің осы мәселе бойынша халық алдында есеп бергені жөн.

Сонымен бірге, бұл елде біздің ағайындар тұрып-мекендеп жатыр, олар қытай мемлекетінің азаматтары, оларды елімізге көшіру үшін, олардың сол жақта бейбіт өмір сүруі үшін, біздің ішімізде тыныштық болғаны абзал.
Менің ата-бабаларым сол жақта басқа халық өкілдерімен арпалысып, ұлт үшін күреске түскен адамдар. Сондықтан, ол жақтағы бүгінгі ағайынның қан-қақсауы ұрпақ ретінде бізді жәй ғана қынжылтып қоймайды.
Олардың жағдайы біздің де жүріс-тұрысымызға байланысты.

Мені толғандырып отырған басқа мәселе, еліміздің ішкі саяси мәселесін «шайқалтқысы келетін» сыртқы күшер бар. Өйткені, әлсін-әлсін, ақпараттық алаңға осы мәселені от ретінде лақтырып отырады. Сыртқы күштер дегеніміз, ірі корпорациялар, кейбір мемлекеттер біздің елдің ішкі істеріне қол сұққысы келетін тәрізді.

Кеше ғана, Ел басшысы Қ. Тоқаев елге Жолдауын жариялап, халықтың басым көпшілігі сол құжатқа өзінің ырзашылдығын білдірді.
Президенттің күшейіп кетуінен де қауіптенетін күштер болуы да мүмкін.
Бұл анық, өйткені, ол кісінің Пекинге сапары алдында осындай шудың шығуы бекерден бекер емес екендігі анық. Гәп қайда, осыны саралап-ойлап көрсе дұрыс болар еді...

Ерлан Саировтың фейсбук парақшасынан алынған

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір