• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 18:34:31
Алматы
+35°

04 Қыркүйек, 2019 Барлық аймақтар

Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божконың сөзі халықтың ашу-ызасын туғызуда. Осыған байланысты әлеуметтік желіде Божкоға пікірін ашық әрі қатқыл айтқандардың қатары  көбейе түсті. Тіпті оны депутаттықтан кетіру туралы пікірлер де айтыла бастады. Ескерте кетсек, Мәжіліс вице-спикері Владимир Божко «халық биліктің не істеп жатқанын көріп, түсіністік танытуы керек. Иә, үш жыл ішінде халықты әлеуметтік қолдау 17 есе өсті. Бұл үшін, кешіріңіз мені, қазақстандықтар билікке тізерлеп тұрып алғысын айтуы керек» деген болатын. Осыған байланысты әлеуметтік желіде өз пікірін білдірген Мұхтар Тайжан «Осы сөзі үшін Владимир Божко Қазақстан халқынан кешірім сұрауы керек» дейді.

–Сіз депутатсыз, нақты айтқанда, вице-спикерсіз, сіз балаларыңызбен немесе немерелеріңізбен  солай сөйлесіңіз. Қазақстан халқымен емес.  Егер Божко халық алдында кешірім сұрамайтын болса,, онда «Нұр Отан» партиясы оның аталған лауазымға лайықты, лайықсызын қарайтын болсын»,– деді қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан фейсбук парақшасында.

***

Тolbay Talgat -Божко, қазақ халқының алдында тізе бүгіп алғыс айтсын, осы дәрежеге жетіп, бай ауқатты болғаны үшін!

Gulnar Tagaibekovna -Халықты мазақ қылғаны үшін, осы сөзді айтқан адамның қақ маңдайынан атып тастаса, обалы жоқ екен!

Мұрат Әбенов: -Жау алдында өліп кетсе де тізе бүкпейтін халықты пособия үшін тізерлетем деген депутат Божко Мәжілісте отырмауы керек.

Анара Сарыбаева: -Депутат бола тұра қандай нақты ізгі істер жасады бұл неме?

Zhafarov Ruzibek: Оn navernoye pereputal narod Kazakstana, s narodom Rossii, kotoriye na kolenyah umolyali putina pomoch im. yesli ubyut yego za eti slova, to po nemu plakat i univat ne budut.

Болат Нурхожаев: Соны ұсынған, солай сөйлегенде қарсы бір ауыз сөз айтпаған, яғни қолдаған Ассамблея да таратылсын. Халық атынан олардың да сөйлеуге құқы жоқ!

(Фейсфуктегі пікірлерден)

♦"Зейнетке шығатын кез келмеді ме, Божко?"

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір