• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 17:40:00
Алматы
+35°

Кипр қаласында қазақстандық әйел 12 жастағы баласын өлтірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Жаға ұстатарлық оқиға 29 тамызда орын алған. 

Қазақстандық әйел ұлының мойынын ауыр жарақаттап, кейін өзіне қол салмақ болған. Дегенмен дәрігрлер әйелге жедел түрде операция жасап, аман алып қалған. Алайда 12 жастағы бала тілге келмей қайтыс болыпты. 

Әйелдің 52 жастағы грек-кипрлік күйеуі әрі баланың өгей әкесі полиция қызметкері болып жұмыс істейді екен. Ол үйіне келгенде есік іштен жабылған, ол үйіне кіре алмаған. Кейін ер адам көмекке өрт сөндіру қызметін шақырған. Терезе арқылы кіріп, еденде қансырап жатқан әйелін көрген. 12 жастағы бала төсекте жатқан. Оның тамағына пышақ ұрған.

Әйелді психиатр қараған, оны Athalassa психемдеу клиникасына жіберген, кейін ол адам өлтіргені үшін сот алдында жауап беретін болады.  Полиция мәліметінше, әйелдің денсаулығы сыр берген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір