• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 17:41:31
+35°

05 Қыркүйек, 2019 NEWS

Қазақ сыныбы жабыла ма? (видео)

Ақтөбеде ата-аналар шу шығарды. Олар лицейдегі жалғыз қазақ сыныбын жауып жатқанына наразы.

Тіпті, оқу жылы басталғалы мұғалімдер сабақты уақытылы өткізуді де қойды деп шағым айтып отыр. Бұл қаншалықты рас? Мақтаулы мектеп-лицейде қазақ сыныбын таратып жіберуге не себеп болды? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. 

"Бүгін мысалы балам сабақта отырып жазды, біз просто отырмыз, сабақ жоқ. Тек физкультура сабағы болды деп".

Раушан Алмаханова секілді 10 ата-ана балаларынан осындай хабарлама алғанда, төбе шаштары тік тұрған. Перзенттері қаладағы мақтаулы деген №27 мектеп-лицейдің 10-қазақ сыныбына барады екен. Білім ошағындағы 1600-ге жуық оқушының 400-і қазақ сыныптарында оқиды. Алайда ата-аналар қазақ сыныбын жасақтауға білім ошағының басшылығының өзі құлықсыз екенін алға тартады.

Раушан Алмаханова, тұрғын: "Августің 26-на собрание жасаған. Сол кезде кейбір балаларға келесіде ЕНТ тапсыра алмайсыңдар деген. Сөйтіп, көбісі кетіп қалған. Қалған оқушылар қалды, потому что, нақты айтпаған класс жабылады деп. Заявление алып қалған 10-класқа өту үшін. 30 август бізге бір күн қалғанда класс жабылады деді. Сол кезде біз областной акиматқа бардық жиналып. Олар жабылмайды, қалдырамыз деді. 1 сентябрде келдік. Екінші сентябрь балалар келді. Дұрыс сабақ өткен жоқ".

Мән-жайды білуге мектепке келдік. Директордың міндетін атқарушы оқушылардың "сабақ өтпей жатыр" дегені қауесет деп, сабақ кестесі тұрған тақтаға алып келді. 

– Бізге дәл жаңағы қазақ класының бүгінгі сабақ кестесін көрсетіңізші. Олар мына физра ғана болды деп отыр.
–  Зачем врать?! Когда я приходила, "Қазақ әдебиеті" шло. 

"Үш сабақ бойы қол қусырып отырдық" деген оқушылар өтірік айтты ма, жоқ әлде мектеп басшылығы жалған сөйледі ме, ол жағы бізге беймәлім болып қалды. Қазір 10-қазақ сыныбына 11 бала ғана барып жүр екен. 9-сыныпты 26 бала тәмәмдағанымен кейін 10-ы колледждерге оқуға түссе, қалғандары өз еріктерімен басқа мектептерге ауысыпты. Қалған 11 оқушы осы лицейді аяқтаймыз деп қалған. Мектеп басшылығы бұл жерде қазақ кластарына шүйлігіп отырған түгіміз жоқ, оқушы жиналмай отыр дейді. 

Алтынгүл ғалиева, 27 мектеп-лицей директорының міндетін атқарушы: «Если нам разрешат, мы даже тремя откроем и не мы открываем, это компетентные вышестоящие решают. 
– ГорОНО ма?
– Да

Қазақ сыныбын қалдырсын деп жүрген ата-аналардың жанайқайын қалалық қана емес, облыстың атқарушы билігі де естіпті. Мәселені шешуге білім бөліміне тапсырма берген. Алайда, 11 бала үшін бір сыныпты ұстап отыру – тиімсіз деп отыр. 

Саян Сүлейменов, қалалың білім бөлімінің басшысы: "Ереже бойынша бір класта қалалық жерлерде 25 баладан кем болмауы керек. Сондықтан, қосымша 10 класс ашу осы кезге дейін мүмкін болған жоқ. 11 баламен бір класс ұстап отыру бір жағынан экономикалық жағынан тиімсіз. Ата-аналар наразылығын білеміз, талап бойынша қалдыруды сұрап отыр. Оқу процесі тоқтамайды. Балалар сабағын жалғастыра береді".

Қазақ сыныбының оқушылары өз мектептерінде қай уақытқа дейін қалатындығы әзірге белгісіз. Сыныпты сақтап қалу үшін оқушы керек. Қалалық білім бөлімі, мектеп басшылығы бар, ата-аналар бар, барлығы жабылып қазір бала санын толтырудың қамын қарастырып жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір