• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 16:12:24
Алматы
+35°

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен 2019 жылғы 1 шілдеден «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық акциясы өткізілуде. Акция жыл бойы жалғасады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастыру және өткізу жөнінде өңірлік іс-шаралар жоспары әзірленіп, облыс әкімдігі тарапынан бекітілді.

2019 жылдың 15 шілдесінде акция жөнінде ақпарат беру мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметінде» баспасөз конференциясы өткізілді.

Акция аясында 2019 жылдың 1 шілде – 3 қыркүйек аралығында облыс бойынша 1195 рейдтік іс-шара жүргізілді, оның ішінде саяжайлар мен саяжай шаруашылықтары бойынша – 124, шаруашылық, фермерлік егістіктер бойынша – 159, базарлар бойынша – 68, жағдайы нашар отбасылар бойынша – 390, көп қабатты үйлердегі жертөлелер бойынша – 136, автожуу, жанармай құю станциясы бойынша – 85, темір жол және автобус бекеттері бойынша – 46, көңіл көтеретін мекемелер бойынша – 101, компьютерлік клубтар бойынша – 86.

Рейдтік іс-шараларға білім беру және балалардың құқығын қорғау ұйымдарының өкілдері-1163, ішкі істер бөлімінің қызметкерлері-47, халықты әлеуметтік қорғау саласының өкілдері-17, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері-5, бұқаралық ақпараттық құралдар өкілдері-8, ата-аналар жұртшылығы - 465, барлығы 1705 тұлға қатысты.

Акция аясында 2019 жылдың 1 шілде – 3 қыркүйек аралығында барлығы 25 160 балаға 336 млн. 919 мың теңге, оның ішінде 20 325 балаға 285 млн. 240 мың теңге жергілікті бюджет есебінен; 4885 балаға 51 млн. 678 мың теңге демеушілер есебінен материалдық көмек көрсетілді.

Есепті кезеңде облыстық және аудандық газеттерде 28 мақала жарияланып, жергілікті телеарналарда 1 бейнесюжет, 2 интервью аталған акция тақырыбында көрсетілді.

Бүгінгі күнге көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан балалардың саны - 28230.

Өткен жылы «Мектепке жол» акциясы барысында 32106 көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 324 млн.752 мың теңгеге материалдық көмек көрсетілді.

Бүгінгі күні өңірлік іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар жалғастырылуда.

Білім басқармасында жыл бойы азаматтардың өтініштері бойынша жедел шара қолдану мақсатында байланыс телефондары қызмет етеді: 43-88-32, 43-88-42, 43-88-41.

Осындай байланыс телефондары барлық білім бөлімдерінде де қызмет етеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір