• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 13:12:49
Алматы
+35°

Қазіргі уақытта шалғай және нашар қолжетімді аймақтардың тұрғындарына, теміржолшыларға, олардың отбасыларына, диагностикалық зерттеу және медициналық көмек алу үшін Қазақстанның ірі қалаларға барып ұзақ уақыт жоғалтудың уақыт пен қаражат жұмсаудың қажеті жоқ. 2010 жылы іске қосылған "Жәрдем" пойызы еліміздің шалғай станцияларына қызмет көрсетеді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жуырда аталған «Дөңгелекті емхана» Жамбыл облысына келді. Бірінші күні "Талас" стансасының жақын маңдағы елді мекендерінен 120 тұрғын(оның ішінде 30 бала) қажетті медициналық кәсіби кеңес және көмек алды.

Бұл жолы Жамбыл облысындағы Талас ,Қаратау, Тамды, Шайқорық, Құмшағал, Шөлдала сияқты 6 стансаның тұрғындарына қызмет көрсету жоспарлануда.

Медициналық пойыздың негізгі міндеті – кешенді диагностикалық көмек көрсету, диагностикалық құрал-жабдықтарды, аппаратураларды пайдалана отырып, лабораториялық, қызметтік, құрал-саймандық әдістермен емделушілерді тексеру, міндетті медициналық тксеруден өткізу, медициналық талдау және анықталған медициналық көрсеткіштерге сүйене отырып, науқастарға жоспарлы емделуге, ауруханада емделуге жолдама беру.

Арнайы поезд вагондарында толыққанды диагностикалық корпус, тіркеу орнымен,қызметкерлердің тамақтануына және демалуына арналған блоктар орналасқан . Арнайы мамандарға үлкен кезек бар. Мұнда ультра дыбыстық зерттеу, диагностика, таңу, емшара кабинеттері және кіші хирургиялық операциялар жүргізілетін операциялық блок қарастырылған.

Барлық кабинеттер толығымен компьютерленген. Сандық флюорографиялық аппарат науқасқа рентген суретін бірден береді, ал тапсырылған талдаулардың нәтижелері ұзақ күттірмейді. Халық арасында медициналық пойыздардың жұмысы үлкен қолдауға ие.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясында: “Ұлт денсаулығы – біздің жарқын болашағымыздың негізі. Азаматтардың денсаулығын жақсарту, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету – еліміздегі әлеуметтік саясаттың маңызды бағыты» деп айрықша атап көрсетілгендей, бүгінгі күні облысымызда болып, ауыл тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетулеріңізді үлкен қолдау деп білеміз. Сондықтан да ұлт саулығы, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері мемлекеттік саясаттың басым бағыттары екені белгілі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір