• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
18 Қыркүйек, 01:45:47
Ауыл шаруашылығы министрлігінің назарына! «Жем шөптің бағасы күйіп тұр, қамшыңа жазшы», – дейді әкем

04 Қыркүйек, 2019 Аймақтар

Жалпақсазда жаңа мектеп ашылды

Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданындағы Жалпақсаз ауылының ұстаздары мен оқушылары білім күнін заманауи үлгіде салынған жаңа мектеп ғимаратында өткізді. Мектептің ашылуына аудан әкімі Ерболат Садырқұлов, аудандық мәслихат хатшысы Тұрсынхан Жаманбаев, облыстық білім басқармасының бас маманы Жанна Қалыбаева, аудан әкімінің орынбасары Бейсенбек Әлпейісов, аудандық білім бөлімінің басшысы Еркін Сейтжапаров,жерлес ақын Шырын Мамасерікова және ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейдімбек Шілдебаевтар арнайы келіп қатысты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Салтанатты жиын барысында шақырылған қонақтар құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілектерін арнады. Алғашқы сөз аудан әкімі Ерболат Садырқұловқа берілді. «Бүгін еліміздің әр түкпірінде сан мыңдаған бүлдіршін білім күнін қарсы алып, мектеп табалдырығын аттауда. Осы сәтті тиімді пайдалана отырып мен білімге жаны құштар оқушыларымызды төл мерекелеріменқұттықтағым келеді. Өздеріңіз білетіндей соңғы жылдары елімізде білім саласына айтарлықтай көңіл бөлінуде. Бүгін оқушыларға есігін айқара ашқан заманауи мектепті пайдалануға беріп отырмыз. Осы мектепте білім алған балаларымыз алдағы уақытта тек ауданымыздың ғана емес, облысымыздың, республикамыздың дамуына сүбелі үлес қосатынына сенімдімін. Жаңа оқу жылы ұстаздар қауымы үшін жемісті болсын» еп, ғимараттың құрылыс жұмыстарын жүргізген «Құрылыс ТЕД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымына өз алғысын білдірді.

Бақытжан Жақсылықов басшылық ететін серіктестік қызметкерлері 48 балаға арналған мектепті өз мерзімінде аяқтады. Жобаның жалпы құны – 338 млн. теңгені құрайды. Шара барысында серіктестік басшысы да сөз сөйлеп, мектеп меңгерушісі Гүлзина Сатылғановаға ғимараттың символикалық кілтін табыс етті. Ал, мектептің лентасын аудан әкімі Ерболат Садырқұлов пен жерлес ақын Шырын Мамасерікова және ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейдімбек Шілдебаев қиды. Содан соң көптен күткен күміс қоңырау соғылып, салтанатты шараға қатысушылар сәулеті келіскен ғимаратты аралап көрді.

Жалпақсаздық балалар осы күнге дейін апатты жағдайда тұрған, небәрі төрт бөлмеден құралған шағын мектепте оқып келген. Ал, жаңа оқу жылынан бастап олар сән-салтанаты келіскен жаңа нысанның қабырғасында сапалы білім алатын болады. Айта кетейік, жаңа ғимаратта оқушылар мен ұстаздарға барлық жағдай жасалған. Онда киім ілетін арнайы орын, оқу залы бар кітапхана, оқу бөлмелері, интерактивті тақтасы бар кабинет, асхана, спорт

зал және барлық талапқа сай жабдықталған компьютерлік сынып бар. Сонымен қатар, сан түрлі әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілген мұғалімдер бөлмесі де көпшіліктің көңілінен шықты. Мектеп қабырғасында медициналық стандарттарға сай медбике бөлмесі де бар. Мектеп сыртында ойын алаңдары мен келушілерге арналған автотұрақ орналасқан.

«Жаңа мектеп ғимаратында білім аламыз» деген үлкен қуанышты білім ордасының табалдырығын алғаш рет аттаған оқушылардың жанарынан байқауға болады. Жаңа мектеп партасына отырған олар жиын соңында «Саналы – ұрпақ жарқын болашақ!» тақырыбында өткен алғашқы тәрбие сабағына қатысып, ұлағатты ұстаздарымен қауышты.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір