• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 23:36:50
Алматы
+35°

«Nur Otan» партиясы Сарысу аудандық филиалына қарасты «Қаратау» бастауыш партия ұйымында партия Жамбыл облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Үміт Ибрайымова «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Көшпелі қоғамдық қабылдауға партия белсенділері мен тиісті мекеме басшылары қатысты. Қабылдау барысында Саудакент ауылының тұрғыны Гүлбаршын Тәуекелова қазіргі кезде "Қазпошта" АҚ-ның аудандық бөлімшесінде жұмыс істейтіндігін, дегенменде мамандығы бойынша жұмыс атқарғысы келетіндігін жеткізді. Өтініш иесіне аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Бақыткүл Бейсенбекова Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмысқа тұру мүмкіндіктері туралы кеңінен түсіндіру жұмысын жүргізді.

Жаңатас қаласының тұрғыны Айжан Үсенова тұрмыстық жағдайына байланысты қысқы қажетті отын-су алуға мүмкіндігі болмай отырғанын жеткізіп, көмек беруді сұрады. Аталған мәселе бойынша қала әкімінің міндетін атқарушы Талғат Төлебаев қыркүйек айының соңына дейін өтініш иесіне қажетті көмек берілетіндігін жеткізді.

Келесі қала тұрғыны Айжан Махамбетова өзінің көп бала ана екендігін, мектеп жасындағы балаларына оқуға қажетті киім-кешек алуға көмек сұрады. Өтініш иесіне партия аудандық филиалы тарапынан тиісті көмек көрсетілді.

Қала тұрғыны Ләззат Көмековада мектеп жасындағы қызына оқуға қажетті құралдар алуға көмек сұрады. Өтініш білдірушіге партия аудандық филиалы тарапынан қажетті көмек берілді.

Қала тұрғыны Айша Жаңбырбаева тұрмыстық жағдайына байланысты мектеп жасындағы баласына оқуға қажетті құрал-жабдықтар алуға мүмкіндігі болмағанын жеткізіп, көмек беруді сұрады. Бұл өтініш иесіне партияның облыстық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшесі, "Қаратау" тау-кен өңдеу кешенінің директоры Мұратқали Сәрсенов өз көмегін көрсетті.

Келесі қала тұрғыны Нұрсұлтан Ермек жақында жоғарғы оқу орнын бітіріп келгендігін, қазіргі кезде жұмыссыз екендігін жеткізіп, жұмысқа тұруға көмек беруді сұрады. Өтініш иесіне аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Бақыткүл Бейсенбекова Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмысқа тұру мүмкіндіктері туралы түсіндірді. Қоғамдық қабылдауды қорытындылаған Үміт Серікқызы алдағы уақыттада осындай көшпелі қабылдаулар болатындығын жеткізді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір