• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 19:29:03
Алматы
+35°

05 Қыркүйек, 2019 Барлық аймақтар

  Атамбаев абақтының ар жағынан қол бұлғады (видео)

Атамбаевтың жақтастары оны терезенің алдынан байқап алған

 

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев 8 тамызда ұсталғаннан кейін кеше абақтының ар жағынан жұртшылыққа қол бұлғады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Бұл туралы қырғыздың kg.akipress.org ақпарат агенттігі хабарлады.

Атап өтер болсақ, кеше Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимаратында Бішкек қалалық сотының көшпелі отырысы өткен. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимаратына келген Атамбаевтың жақтастары оны терезенің алдынан байқап алған. Экс-президент жиналған бір топ адамдарға қарап қол бұлғаған.

Ескерте кетейік, қазіргі уақытта Атамбаевқа айып тағылып, оған қатысты сот алды тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Экс-президентті көруге оның зайыбы Раиса Атамбаева мен оның ұлы Қадыр да бірге еріп келген. Бірақ олар Алмазбек Атамбаевты көре алған жоқ. Тек олар экс-президенттің қол бұлғағанын  ғана  байқаған. Бұл бейнекөріністі Апрель телеарнасының журналистері түсіріп алған көрінеді.

Айта кетейік, Алмазбек Атамбаев 8 тамыз күні Қой-Таштағы үйінде қолға түскені белгілі. Оның жақтастарымен атыс барысында бір адам қаза тауып, бірнеше кісі жараланған. Қазір Атамбаевты қамау мерзімі 26 қазанға дейін ұзартылды. Бүгінде тергеу амалдары жүргізілуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір