• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 05:51:16
Алматы
+35°

05 Қыркүйек, 2019 NEWS

Жеңіс Қасымбек: Қытайдан елге ешқандайда "лас" немесе ескі кәсіпорын келмейді

Оның айтуынша, жобалар туралы барлық ақпарат Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми сайтында тұр.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек Қазақстан аумағында салынатын Қытай зауыттарына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі  Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында Жеңіс Қасымбек индустрияландыру аясында жүзеге асырғалы отырған 55 қазақ-қытай бірлескен жобасы бар екенін айтты. Оның сөзінше, Қытайдан ешқандайда зауыт көшірілмейді, жобалардың барлығы жаңадан салынады.

"Әр нысан бойынша нақты айта аламын. Жуырда ғана Қапшағай маңында күн энергиясы өндірілетін баламалы энергетикалық станса салынды. Онда істейтін 30 жұмысшының барлығы Қазақстан азаматтары. Біз біртіндеп баламалы энергетикаға өтеміз. Жыл соңына дейін күн және жел энергиясы есебінен 1000 мегаватт энергия өндіріледі. Бұл әлемдік тренд. Біз одан тыс қала алмаймыз. Осылай әр кәсіпорын туралы толық ақпарат бере аламын" деді ол.

Оның айтуынша, жобалар туралы барлық ақпарат Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми сайтында тұр.

"Бұл деректер желіде, министрлік сайтында осыдан екі жыл бұрын шыққан. Ешқандай құпия жоқ. Айта кеткім келетіні, Қытайдан елге ешқандайда "лас" немесе ескі кәсіпорын келмейді. Барлық кәсіпорындар жаңа. Осы зауыттар аясында 20 мың жұмыс орнын ашу жоспарланған" деп атап өтті Қасымбек.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір