• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 14:56:35
Алматы
+35°

Қытайдың Қазақстандағы елшісі астаналық оқушыларына қытай тілі оқулықтарын сыйға тартты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Қытайдың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі қазіргі таңда қазақстандықтардың қытай тілін үйренуге деген сұранысы жоғары екенін айтып өтті. 

Бұл қытай тілі оқытылатын қазақ мектептеріне қолғабыс ретінде жыл сайын өткізетін іс-шарамыз. Екіжақты қарым-қатынас үшін бұл өте маңызды. Мектептерде қытай тілін бірден оқыту өте дұрыс бастама. Оқушылар қытай тілі мен мәдениетін ерте жастан тани бастайды. Мен өзім он жасымнан бастап орыс тілін оқып, осы жолдан өткен едім. Қасым-Жомарт Тоқаев өткен аптада елдеріміз арасындағы мәдени-гуманитарлық қатынастарды нығайтуға қызығушылық танытты" , - дейді Чжан Сяо. 

Kapital.kz сайтының мәліметіне сүйенсек, елші Қазақстанда Конфуцийдің бес институты барын, жақында тағы жаңа ғимараттар ашылуы мүмкін екенін атап өтті.

Ал Baq.kz сайтының дерегі бойынша, Нұр-Сұлтандағы Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Мейрам Жакенов оқу ордасының ашылғанына 10 жыл болса, ондағы білім алатын балалар 9 жылдан бері қытай тілін меңгеріп жатқанын айтқан.

«Мен алдымен қытай тілін қалай оқи бастағанымызға тоқталғым келеді. Біздің Назарбаев зияиткерлік мектебі физика-математика пәніне ден қойған. Мектептің ашылғанына биыл 10 жыл толды. Ал қытай тілін біз 9 жыл қатарынан оқып келеміз», - деді Жакенов.

Нұр-Сұлтан қаласының №81 "Astana English School" гимназиясының директоры Гүлнар Садықованың айтуынша, өзі басқарып отырған мектепте балалар қытай тілін екінші тіл ретінде 2-сыныптап бастап меңгереді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір