• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:22:05
Алматы
+35°

Таразға қала мәртебесі ресми түрде 155 жыл бұрын берілген. Бұл тарихи оқиға шаһарға 1864 жылдың 4 маусымында орыс әскерінің басып кіруімен тығыз байланысты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

2000 жылдан астам тарихында басынан алмағайып күндерді өткізген Тараз атауы ресми жазбаларда ХІХ ғасырлардан бастап кезіге бастады. Мәселен Сібір корпусының командирі, генерал-майор А.Кройепустың Ресей үкіметінің вице-канцлеріне 1864 жылдың 7 наурызында жолдаған хатынан 155 жыл бұрынғы Әулиеата (қазіргі Тараз) қаласы жайындағы мол мәліметтер алуға болады. Сол тұста Әулиеата ішкі қорғаны 170*50, 70*275 метр аумақты қамтыған. Қорған ішінде 5 ұзын көше және оларды қиып өтетін тағы 5 көше болған. Бұл көшелерде шамамен 570-ке жақын үй орнасласқан әрі олардың 517 үйінде жайма дүкен болған екен. Сондай-ақ Сібір корпусының командирі, генерал-майор А.Кройепустың хатында Әулиеата қаласы қорғанының ішінде шойын құятын зауыт, 8 ұстахана, керуен сарай мен 3 мешіт болғандығы жазылған. Ал қорған маңындағы қаладағы 4 көшеде 250 үй және 5 мешіт қызмет көрсеткен. Сонымен бірге ХІХ ғасыр ортасында қазіргі Тараз қаласында 22 жайма дүкен, шойын құятын зауыт, 15 тері илейтін, 2 сабын қайнататын, 2 шам жасайтын кәсіпорын болған көрінеді. Бұған қоса шаһар аумағындағы 3 керуен-сарай шығыстан-батысқа, батыстан-шығысқа ерсілі-қарсылы көшкен көпестер қонатын орын ретінде кәдеге жараған. Ал қаладағы 2 моншаның тәулік бойы тұтынушыларын қабылдауы Әулиеатадағы тұрмыстық қызмет көрсету саласының тарихының тереңде екенін айғақтайды.

Қалай десекте осы бір деректердің өзі ғасырлар көшімен Тараздан Әулиеатаға, одан Мирзоянға кейіннен Джамбул, Жамбыл, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары тарихи атауына ие болған шаһар тарихының шынында мыңжылдықтармен өлшенетінін дәлелдей түседі. Әрі Жібек жолы бойындағы қала ретінде Тараздағы сауда-экономикалық байланыстың тамырын тереңге жайғанын аңғару қиын емес. Бастысы шойын құю зауыты, сабын қайнататын, тері илейтін, шам жасайтын кәсіпорындардың болуы қаладағы өнеркәсіп салаларының негізі 2 ғасыр бұрын салынғанын көрсетеді.

Әулиеатаның (қазіргі Тараз қаласы) дамуында 1917 жылғы Қазан төңкерісі де өз ізін қалдырды. Дәл осы қалада Кеңес үкіметін орнату ісіне қазақтың біртуар азаматы Тұрар Рысқұлов белсене араласып, әуелі Әулиеата уездік атқару комитеті төрағасының орынбасары, кейіннен төрағасы қызметтер атқарып, жергілікті тұрғындар арасында белең алған аштықтың алдын алу шараларына белсене атсалысты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір