• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:52:23
Алматы
+35°

Жамбыл облысының химиялық әлеуеті Ұлы Отан соғысына дейін-ақ Кеңес Одағы геологтарының негізгі нысанына айналған. Ал 1935 жылы геолог И.Машкара Қаратауда әлемдегі ең ірі фосфор кенінің бар екендігін анықтады. Тағы бір орыс геологы П.Л. Безруков Қаратау жоталарының 45 жерінен қоры 1,5 миллиард тонна болатын фосфор кенін барлаған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Тіпті республика деңгейінде химия өнеркәсібі министрлігінің құрылуында да Кеңес одағы негізінен Жамбыл облысындағы фосфордың мол кенінен иек артуы ғажап емес. Әрі бұл іске одақ басшылары химия өнеркәсібінің өңдеуші және ауыр өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын дамытудағы рөліне де айрықша мән бере отырып кіріскен.

Геологиялық барлау жұмыстарының қорытындысы Жамбыл облысы аумағындағы фосфор кені жөнінен одақтас елдер арасында екінші орынға ие болатындығын көрсетті. Әсіресе Шолақтау, Ақсай, Жаңатас, Көкжон, Көксу, Тесіктас аталатын кен орындарындағы фосфор кенінің құнарлығы өте жоғары бағаланған. Мәліметтер Көкжон кен орнында 171 миллион тонна фосфор кені барланғанын растайды. Сол секілді, мамандар Ақсай кен орнынан жылына 2 миллион тонн, Жаңатастан 900 мың тонна, Шолақтаудан 800 мың тонна кен өндіруге болады деп баға берген.

1947 жылдың 6 ақпанында Қаратау кен-химия комбинатының бірінші кезегі пайдалануға берілген. Ұзақ жылдар материалдық-техникалық базасын жетілдіру ісінді ірілі-ұсақты кедергілерге тап болып, комбинат құрылысы үш кезеңге созылған Ақсай кеніші 1962 жылы игеріле бастады. 1963 жылы Қаратау кен байыту фабрикасы іске қосылды. 1968 жылы 28 желтоқсанда Ленин комсомолы атындағы Қоссуперфосфот зауыты пайдалануға берілсе, зауыттағы алғашқы өнім 1969 жылдың мамыр айында шықты. Арада 10 жыл өткен соң мұнда Жаңа Жамбыл фосфор зауыты құрылды. Өз кезегінде бұл кәсіпорын әлем тарихында тұңғыш рет агломераттан сары фосфор өндірді.

Жамбыл облысының химия өнеркәсібінің отаны ретінде танылуы өңір экономикасына зор әсер етіп қана қоймай қала мәдениетінің дамуының, әлеуметтік нысандардың, тұрғын үйлердің көптеп бой көтеруіне де ықпал етті. Мәселен ағымдағы жылы 50 жылдық мерейтойы тойланған Жаңатас қаласы, Қаратау қаласы дәл осы өндіріс ошақтарында жұмысқа тартылған жұмысшыларға арналып салынған еді. Сол кездегі Жамбыл қаласы аумағында да химия зауытының игілігі үшін салынған нысандар көптеп саналады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір