• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 01:23:37
Алматы
+35°

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының барлық құралдары бойынша 2010-2017 жылдары Жамбыл облысы Жамбыл ауданында жалпы 71 жоба (4 млрд. 571,9 млн. теңге) іске асырылды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Атап айтқанда: Пайыздық ставканы субсидиялау бойынша 29 жоба (1 млрд. 904 млн.теңге); Банктік кредиттері бойынша кепілдік беру бойынша 1 жоба (7,5 млн.теңге);

Гранттық қаржыландыру бойынша 4 жоба (11 млн.теңге); Өндірістік инфрақұрылымды дамыту бойынша 4 жоба (424 млн.теңге).

2011 жылы 322,8 млн. теңгеге 2 жоба: Пайыздық ставканы субсидиялау бойынша «Super-Pharm» ЖШС-гі құрал-жабдықтар сатып алу үшін 265,0 млн. теңге; Өндірістік инфрақұрылымды дамыту бойынша «Әлжан Азия» ЖШС жылыжай кешеніне 57,8 млн. теңге.

2012 жылы 412,9 млн. теңгеге - 4 жоба: Пайыздық ставканы субсидиялау бойынша «Қуаныш» ШҚ жылыжай кешенінің құрылысына және ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу үшін 50 млн. теңге және «Аиан» ШҚ тауарлы-сүт фермасының құрылысына 20,0 млн.теңге;

Өндірістік инфрақұрылымды дамыту бойынша «БиномСтройДеталь» ЖШС-нің құрылыс материалдар комбинаты 13,6 млн. теңге және «Оңтүстік Халал Тағамдары» ЖШС-гі 329,3 млн.теңге.

2013 жылы 307,7 млн. теңгеге - 6 жоба:Пайыздық ставканы субсидиялау бойынша «БиномСтройДеталь» ЖШС-нің тұрғын-үй құрылыс комбинатының құрылысына 245,0 млн. теңге, ЖК Шарипов көкөніс сақтау қоймасын сатып алу үшін 40,0 млн. теңге, ЖК Садібеков қымыз өндірісі үшін 5,7 млн. теңге, «Золотой Караван» Туристік орталығы» ЖШС-гі аграрлық туристік кешен ашу үшін 6,5 млн. теңге;Банктік кредиттері бойынша кепілдік беру бойынша ЖК Шарипов көкөніс сақтау қоймасын сатып алу үшін 7,5 млн. теңге;Гранттық қаржыландыру бойынша ЖК Джунусов шаруашылық сабын өндірісі үшін 3,0 млн. теңге.

2014 жылы 50 млн. теңгеге - 3 жоба:Пайыздық ставканы субсидиялау бойынша «Байелі» ШҚ қиыршық тас өндіретін карьерге құрал-жабдықтар алу үшін 30,0 млн. теңге және ЖК Нуралиев құс фабрикасының құрылысына 17,0 млн. теңге; Гранттық қаржыландыру бойынша ЖК Қыдыралиев шампиньон саңырау құлағын өсіру үшін 3,0 млн. теңге.

2015 жылы 516,9 млн. теңгеге - 8 жоба:Пайыздық ставканы субсидиялау бойынша «Строй Сервис Материалы «Доснар» ЖШС балалар ойын-сауық орталығының құрылысына 163,0 млн. теңге, ЖК Нурумова 280 орынға арналған балабақша құрылысына 250 млн.теңге, ЖК Дабылова күнбағыс

өсіру үшін 9,6 млн. теңге, «Super-Pharm» ЖШС-гі шикізат алу үшін 66,0 млн. теңге және «Гүлжан» ШҚ ірі қара мал сатып алу үшін 2,0 млн. теңге;Гранттық қаржыландыру бойынша «Айналайын» ҚБ балалар ойыншықтарын өндіруге 3,0 млн. теңге;Өндірістік инфрақұрылымды дамыту бойынша «Азамат» ШҚ жылыжай кешеніне 23,3 млн. теңге.

2016 жылы 737,2 млн. теңгеге - 15 жоба:Пайыздық ставканы субсидиялау бойынша 734,2 млн.теңгеге 14 жоба;Гранттық қаржыландыру шартымен 3 млн. теңгеге 1 жоба.

2017 жылы 1 046,4 млн. теңгеге - 16 жоба:Пайыздық ставканы субсидиялау бойынша 1 039,9 млн.теңгеге 15 жоба;«Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту» шартымен 6,5 млн. теңгеге 1 жоба.

2018 жылы 100,1 млн. теңгеге – 7 жоба:Пайыздық ставканы субсидиялау бойынша 87,2 млн.теңгеге 3 жоба;«Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту» шартымен 3,9 млн. теңгеге 1 жоба.«Грант» қаржыландыру шартымен 9,0 млн.теңгеге 3 жоба.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір