• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 12:44:44
Алматы
+35°

Дәуірдің дара тұлғасы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатын бүгінде әлем елдері мойындағаны жасырын емес. Ұлт жанашыры, Ұлт көш басшысының әрбір ісі тарихта алтын әріптермен сақталары да даусыз. Осы орайда, «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында Шу ауданы Шу қаласындағы С.Сейфуллин атындағ орта мектебінде «Н.Назарбаев: дәуір,тұлға, қоғам» атты көшпелі көрмесі жобасы аясында айтулы шара ұйымдастырылды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Аталған көрме аясында Қазақстан Респубикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасы «Тұңғыш» экскурсиялық концепсиясының негізігінде келушілер «Тарихи таңдау.Бастамасы» «Тарихи таңдау.Ұмтылыс» «Қазақстанның спорттық даңқы» тақырыптық экскурсияларын тамашалады.

Шара алдында Елбасы кітапханасының директоры Ә.М.Рахымжанов, орынбасары К.Қ.Ақтаева, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары С.Құрманбекова, аудан әкімі Ж.Айтақов жиналғандар алдында сөз сөйлеп, сый сияпаттар алмасты. Атап айтқанда Ә.Рахымжанов шараның маңызы мен мазмұнына тоқталып, жоба авторы саясаттанушы ғалым, көрнекті қайраткер, Елбасы Н.Назарбаевтың қасында 30 жыл жұмыс жасап келе жатқан М.Қасымбековтың дұғай сәлемін жетікізіп, аудан әкімі Ж.Айтақовқа және мектеп директоры Ж.Шалбаеваға Алғыс хат тапсырып, ұйымдастыруға ат салысқандары үшін алғысын жеткізіп, Елбасы туралы құнды еңбектерді сыйға тартты. Сондай –ақ аудан басшысы Ж.Айтақов та өңірге келген меймандарға ризашылығын білдіріп, жоба жұмысынан сәттілік тілеп Елбасы кітапханасына естелік сыйлық табыстады.

Содан кейін келушілер Елбасы өмірінен сыр шертетін, хабар беретін деректермен танысып,жәдігерлерді жақынан көріп, тәжірбиелі нұсқаушылардың баяндамасын тыңдады. Аудан тұрғындарына сирек кездесетін бейнематериалдың, фотосуреттер мен архивтік құжаттар, жәдігерлердің бірегей кешені ұсынылып, келушілерге ерекше әсер сыйлады.Ал, Әмірхан Мұратбекұлы әр аудиторияны аралап, келушілермен сұхбаттасты. Жобаның мақсаты мен міндетін түсіндірді.

Қордай ауданының Әлжан ана ауылынан бастау алған көшпелі көрме жобасы Шу ауданына аялдағаннан кейін Тараз қаласында шоқтығы биік шаралармен жалғасатын болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір