• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 07:26:47
Алматы
+35°

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күні кешегі халыққа жасаған Жолдауында ауыл шаруашылығын алшаң бастырудың тың тетіктерін табуды тапсырағыны белгілі . Осы орайда Жамбыл облысына қарасты Жамбыл ауданында барлығы 2 389 агроқұрылымдар жұмыс жүргізіп жатса, оның ішінде 3 өндірістік кооператив, 25 ауылшаруашылық кооперативі және 2 361 шаруа қожалықтары бар деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Ағымдағы жылы Жамбыл ауданында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 9 млрд. 249,7 млн. теңгені немесе 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 116,7%-ды құраған. (2018 жылы – 7 млрд. 923,6 млн. теңге). Ал, нақты көлем индексі 102,7%-ға жетті.

Өсімдік шаруашылығы бойынша 1 млрд. 987,4 млн. теңгеге өнім өндірілді немесе 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 125,9%-ды құрады (2018 жылы – 1 млрд 577,9 млн.теңге). Нақты көлем индексі 96,6%-ға жетті.

Мал шаруашылығында өндірілген өнім көлемі 7 млрд. 251 млн. теңгені құрады немесе 114,5%-ға орындалды (2018 жылы – 6 млрд. 328,3 млн. теңге). Нақты көлем индексі 104,4%-ға жетті.

Аудан бойынша 2019 жылға ауыл шаруашылығы дақылдарының жоспарлы егіс көлемі 55 300 гектарды құрап, оның ішінде, 2 000 гектар күздік бидай, 11 010 гектар жаздық арпа, 1 500 гектар дәндік жүгері, 3 640 гектар майлы дақылдар, 1 500 гектар қант қызылшасы, 425 гектар картоп, 7 290 гектар көкөніс, 535 гектар бақша, 27 400 гектар көпжылдық шөп. Бүгінгі жағдайына 2 026 гектар күздік бидай, 11 310 гектар жаздық арпа, 1 672 гектар дәндік жүгері, 3 151 гектар майлы дақылдар, 605 гектар қант қызылшасы, 525 гектар картоп, 7 660,5 гектар көкөніс, 740,5 гектар бақша және 26 714 гектар мал азығы себілді.

Масақты дәнді дақылдар толық орылды. Жалпы түсім күздік бидайдан 48 621 тоннаны (24,0 ц/га) және жаздық арпадан 23 977 тоннаны (21,7 ц/га) құрады. Сондай ақ 540 га-дан 14 580 тонна бақша жиналып, 26 600 га-дан 166 603 тонна мал азығы дайындалды.

Ауданның жалпы жер көлемі 430 954 гектарды құрайды. Оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер 244 999 гектар. Елді мекен жерлері 28 258 гектар. Жалпы егістік жердің көлемі 64 189 гектар (32 974 гектар суармалы егістік, 31 215 гектар суарылмайтын егістік), оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдалануға жарамды егістік көлемі 59 163 гектар (30 333 гектар суармалы егістік, 28 830 гектар суарылмайтын егістік),

1 638 гектар көп жылдық екпелер, 9452 гектар шабындық, 339 315 гектар жайылымдық, 16 360 гектар бөгде жер учаскелері.

Соңғы екі жыл көлемінде 8 805,05 гектар жер мемлекеттік жер қорына алынып, 7 866,5 гектар жер конкурс арқылы қайта айналымға қосылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір