• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
23 Қыркүйек, 04:53:10
Кекілбаевқа арналған кеш

04 Қыркүйек, 2019 Аймақтар

Жамбыл жеріне қытайлық инвесторлар қызығушылық танытуда

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы талай жобалардың бойына жан үрлегені белгілі. Әсіресе кәсіпкерліктің көкжиегін жыл санап кеңетуде. Жамбыл облысында бұл бағытта бағдарын тапқан бастамалар баршылық. Сондай жобалардың екеуі Жамбыл ауданында жүзеге асып жатыр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Мәселен ауданға қарасты Қарой ауылдық округінен «ТаразГазӨнімдері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Сұйытылған газ өнімдерін өндіретін зауыт» құрылысын іске асырылуда. Жоба Қытай Халық Республикасының «Визон Инжиниринг ЛТД» компаниясымен бірлесе жүйесін тауып жатыр. Жоба құны шамамен 16 миллиард теңге. Жер көлемі – 16,0 гектар. 108 адам жұмыспен қамтылатын болады. Жобаның бас жоспары мен техника-экономикалық негіздемесі әзірленген. «Визон Инжиниринг» компаниясымен жобаны іске асыру бойынша алдын-ала тиісті келісім-шарт жұмыстары жүргізілген. Қытайлық инвестор компания тарапынан жобаның сметалық құжаттары әзірленуде. Жоба Жамбыл облысының Индустриаландыру картасына енгізілді.

Айшабибі ауылдық округінен «Супер Фарм» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Бір реттік медициналық бұйымдар шығаратын зауытының көлемін кеңейту» жобасына да жан біткен. Жоба құны шамамен 3,5 миллиард теңге. Жер көлемі – 1,5 гектар. 250 адам жұмыспен қамтылатын болады. Қазіргі кезде құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілуде. Пайдалануға беру мерзімі 2019 жылдың қараша айы. Жоба Жамбыл облысының Индустриаландыру картасына енгізілді.

Жалпы Жамбыл облысы индустриялық жобаларға таптырмас аймақ. Осыны түсінген шетелдік инвесторлар жылда қыруар қаржы аударуға құлықты. Оның бір реті ауыл шаруашылығы саласына салынып жатса, отандық өндірісті өрістетуге де құйылып жатқан инвестиция жетерлік. Бұл әрине өңір экономикасына қарқын қосатыны анық. Сондықтан Жамбыл ауданында жанданып жатқан екі индустриялық жобаның да жұртшылыққа берері мол деп сенеміз.

Әрине бәрі бірден бола қалмайтыны белгілі. Алып кәсіпорындардың бойына қан жүгірту үшін үлкен күш пен уақыт қажет. Дегенмен өндіріс орны өзінің қуатты күшіне шыққанда талай жамбылдықтарды жұмыспен қамтып, тауарлары экспорттың әлеуетін арттырады деп күтеміз.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір