• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 19:49:23
Алматы
+35°

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев апта басындағы Жолдауында ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру, шаруашылықтардың басын біріктіру, суармалы егістік көлемін ұлғайтып, мал басын арттыру мәселесін тағы бір мәрте көтергені белгілі. Ал бұл бағыттағы жұмыстар Жамбыл жерінде бірер жылдан бері жүйесін тауып отыр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Алақандай Жамбыл ауданының өзінде осыған дейін 3 ауыл шаруашылық кооперативтері жұмыс істеп тұр. Атап айтсақ, Аса ауылында – «Аса Фермер» АӨК. Бордақыланатын МІҚ саны – 20 бас. Гродеково ауылында – «Алтын белгі» АӨК. Сауынды сиыр саны – 70 бас. Жинаған өнім көлемі – 163 тонна. Түрксіб ауылында – «Бес-Тур» АӨК. Бордақыланатын МІҚ саны – 200 бас. Сауынды сиыр саны – 240 бас. Жинаған өнім көлемі – 95 тонна.

Ал ағымдағы жылы жаңадан 7 ауыл шаруашылық кооперативтері құрылды. Олар Қаратау ауылындағы – «Райымбек» АШК. Егін және мал шаруашылығы бағыты бойынша. Бесағаш ауылындағы – «Береке-Бесағаш» АШК. Егін және мал шаруашылығы бағыты бойынша. Шайқорық ауылындағы – «Гүлжан» АШК. Сүт өнімдері бағыты бойынша. Сауынды сиыр саны – 362 бас. Еңбек ауылындағы – «Еңбек-2019» АШК. Жем-шөп өндіру бағыты бойынша. Ащыбұлақ ауылындағы – «Жанбике» АШК. Ет және сүт өнімдерін жинау бағыты бойынша. Сауынды сиыр саны – 20 бас. Қаракемер ауылындағы – «Малдықыз» АШК. Ет және сүт өнімдерін жинау бағыты бойынша. Сауынды сиыр саны – 80 бас. Жасөркен ауылындағы – «Аметкулов Шынарбек» АШК. Сүт өнімдері бойынша. Сауынды сиыр саны -735 бас.

Бұдан бөлек ауданда – 90 жылыжай бар (көлемі 8 212 га), оның ішінде Аса ауылдық округінде – 3, Айшабибі ауылдық округінде – 1, Ақбұлым ауылдық округінде – 6, Қаратөбе ауылдық округінде – 79, Полатқосшы ауылдық округінде - 1.

Су үнемдеу технологиясына келсек, аудан бойынша барлығы 1094,7 гектар егіс алқаптары жаңа су үнемдеу технологиясымен суғарылады. Оның ішінде 230 гектар жаңбырлатып, 864,7 гектар тамшылатып суару әдісі енгізілген.

Ауыл шаруашылық техникаларына тоқталсақ, шаруа қожалықтардың өз қаражаттары есебінен биыл 12 млн. 350 мың теңгеге 5 техника сатып алынған. Техникалар қаракемерлік «Ғалымжан» шаруа қожалығына тиесілі.

Осылайша жамбылдықтар асыраушы саланы алшаң бастыруда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір