• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 17:17:57
Алматы
+35°

Бүгінде еліміздегі құрылыс қарқыны көз қуантады. Түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында бой көтеріп жатқан әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің ел экономикасының дамуына өзіндік үлесін қосып жатқаны анық. Құрылысқа қатысты айқымды жобалар Жамбыл жерінде де жүйесін табуда деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Атап айтсақ, 2019 жылы Жамбыл ауданында жалпы көлемі 3 миллиард 217,5 миллион теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілген. Бұл 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 151,3 пайызды құрады (2018 жылы – 2 млрд. 125,9 млн. теңге). Ал нақты көлем индексі 146,6 пайыз.

Үстіміздегі жылы бюджет қаражаттары есебінен 1 миллиард 134,9 миллион теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда,Аса ауылындағы «Байтерек» массивіне инженерлік инфрақұрылымы және абаттандыру құрылысына аудандық бюджеттен 27,5 миллион теңге бөлініп, есепті кезеңде 23,5 миллион теңгесі игерілді.

Түрксіб ауылынан 140 орындық мектеп құрылысы республикалық бюджеттен 500,0 миллион теңге, облыстық бюджеттен 55,5 миллион теңге бөлінді.

Бірлесу-Еңбек ауылынан 140 орындық мектеп құрылысына облыстық бюджеттен 363,4 миллион теңге бөлініп, есепті кезеңде 353,6 миллион теңгесі игерілді.

Айша бибі ауылының купка құрылысын салу үшін аудандық бюджеттен 7,3 миллион теңге бөлініп, есепті кезеңде 6,2 миллион теңгесі мақсатты жұмсалды.

Қаракемер ауылының купка құрылысын салу үшін аудандық бюджеттен 7,3 миллион теңге бөлініп, есепті кезеңде 6,2 миллион теңгесі тетігін тапты.

Қарасу ауылының купка құрылысын салу үшін аудандық бюджеттен 7,2 миллион теңге бөлініп, есепті кезеңде 6,3 миллион теңгесі бағдарлы бағытталды.

Аса ауылы Абай көшесінен әмбебап залы бар спорт кешені құрылысына «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы аясында республикалық бюджеттен 150,0 миллион теңге, облыстық бюджеттен 16,7 миллион теңге бөлінді.

Иә, бұл құрылыс саласына бағытталған қаржы көлемі. Оның ішінде «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында игерілгелі жатқан қаржының орны бөлек. Себебі бұл ақша ең алдымен ауылдың ажарын ашуға, жол құрылысы мен әлеуметтік нысандардың жаңғыруына, сондай-ақ тұрғындардың тұрмысын түзеуге бағытталады. Сондықтан бұл бағыттағы әрбір тиын тетігін тапқаны абзал.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір