• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 10:59:48
Алматы
+35°

Ел экономикасының күре тамыры – ауыл екені даусыз. Ал елді мекендердің еңсесін тіктейтін бірден-бір тіршілік көзі - өнеркәсіп саласы. Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та өз Жолдауында осы мәселені баса айтып, өндіріс орындарын өрістетуді мықтап тапсырды. Осы орайда, Жамбыл облысы Жамбыл ауданында көз сүсіндіретін тіршілік баршылық деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Ресми мәліметке сүйенсек, ағымдағы жылдың есепті кезеңінде Жамбыл ауданның жалпы шығарылған өнім көлемі 35 миллиард 998,3 миллион теңгені құрап, 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 126,9 пайызды құраған. (2018 жылы – 28 млрд. 349,6 млн. теңге).

Өнеркәсіп саласында 11 миллиард 134,5 миллион теңгеге өнім өндірілген. Бұл көрсеткіш 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 220,6 пайызға жеткен. (2018 жылы – 5 млрд. 047,1 млн. теңге). Нақты индекс көлемі 100,3 пайыз болды.

Жыл басынан бері «Амангелді газ өңдеу зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 6 миллиард 398,3 миллион теңгеге 49,9 мың тонна өнім өндірген (2018 жылы – 928,0 млн. теңгеге 82,4 мың тонна).

Өнеркәсіп саласы бойынша ірі және орта кәсіпорындарға келсек, «КнауфГипсТараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 740,8 миллион теңгеге (352,1 мың тонна) гипс өнімдері өндірген немесе 100,6 пайызды құраған (2018 жылы – 736,6 млн. теңгеге 356,3 мың тонна).

«БиномСтройДеталь» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 135,2 миллион теңгеге (13,2 мың тонна) темірбетон бұйымдарын шығарған немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 126 пайызға орындалған (2018 жылы – 107,2 млн. теңгеге 10,5 мың тонна).

«Суперфарм» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 380,3 миллион теңгеге (2 747 мың дана) матадан жасалмайтын медициналық бұйымдар шығарған немесе 56 пайызды құрап отыр (2018 жылы– 681,5 млн. теңгеге 7 441,0 мың дана).

«КазУпакТрейд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болса, 57,1 миллион теңгеге (5,7 мың тонна) гипс өнімдері өндіріп немесе 77,4 пайыздық межені діттеген. (2018 жылы – 57,1 млн. теңгеге 7,4 мың тонна).

Осылайша өлкенің өнеркәсібі өрістеп, өнімі еселеніп өсіп отыр. Бұл сөз жоқ жанға жылу, көңілге демеу беретін ақпарат.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір