• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:35:17
Алматы
+35°

05 Қыркүйек, 2019 NEWS

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің фейсбуктағы парақшасында Ахмет Байтұрсынұлының туған күнінде ұлт ұстазының оқу ағарту ісіне сіңірген өлшеусіз еңбегі туралы жазды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

"Достар!

Бүгін, ұлтымыздың ұлы ұстазы, қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулығының атасы Ахмет Байтұрсынұлының дүниеге келген күні.

"Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға күш керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек!" деген Ахмет Байтұрсынұлын біз бірінші кезекте ағартушы, педагог ретінде танимыз.

А.Байтұрсынұлы 1895-1909 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уезіндегі ауылдық және болыстық мектептерде мұғалім, Қарқаралы қалалық училищесінде мұғалім, кейіннен меңгерушісі болған. Ол кісінің білім саласына қатысты зерттеулері арқылы қазақ мектебін, тұтас ұлттық оқу-ағарту саласын жаңа сатыға көтеруін – біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайды. Ол шын мәнінде ұлт ұстазы, халқымыздың рухани көсемі бола білді.

Еліміздің балалары атамызға ұқсаған білімді, адами қасиеті жоғары азамат болып қалыптасуларына тілектеспін!" деп жазады министр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір