• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 20:38:49
Алматы
+35°

06 Қыркүйек, 2019 NEWS

Қ.Тоқаев: Қазақстан президенттік басқару формасында қала береді

Президент елімізді жаңғырту жоспарын әзірлеу қажеттігін атап өтті.

Мемлекет басшысының қатысуымен елордадағы Тәуелсіздік сарайында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Отырыс барысында Қ.Тоқаев мемлекеттің басқару формасу туралы айтты. Оның айтуынша, Қазақстан президенттік басқару формасында қала береді. Алайда парламентке бірқатар басымдықтар беріледі.

Президент елімізді жаңғырту жоспарын әзірлеу қажеттігін атап өтті.

"Бәріміз мемлекет қызметіне қатысты өзекті мәселелерді ашық талқылап, нақты ұсыныстар әзірлеуіміз керек. Мен Президент  ретінде тиісті шешім қабылдаған кезде сол ұсыныстарды ескеретін боламын. Мұндай бірлескен жұмыс елімізді дамытуға арналған реформаларды жандандыруға ықпал етеді. Бұл жұмысты бәріміз бірге атқарамыз. Біз елімізді жаңғырту жоспарын әзірлеуіміз қажет. Баршаңызға белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз және ортақ іске қосқан үлестеріңіз  үшін ризашылығымды білдіремін", – деді мемлекет басшысы.



"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір