• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
20 Қыркүйек, 05:32:48
Латын әліпбиіне көшу мәселелері семинар-кеңесте сөз болды

06 Қыркүйек, 2019 Барлық аймақтар

Мұхтар Тайжан: Бұл – мемлекеттің кінәсі

Бүгінгі Ұлттық кеңестің отырысында Мұхтар Тайжан экономикаға қатысты және жер мәселесіне қатысты өз ұсынысын айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  

"Неге біздің экономикамыз дамымайды. Бұл – мемлекеттің кінәсі. Еліміздегі экономикаға билік те әсер етеді. Сол себепті бизнеске мемлекет араласпай, мүмкіндік беру керек. Сондай ақ жасанды монополиялар көп. Әлбетте олар бағаларды ұстап, инфляция болады. Сондай-ақ сот жүйесі де экономикаға әсер етеді. Сондықтан сот жүйесі нақты әрі әділ болуы керек", - деді Мұхтар Тайжан. 

Ұлттық кеңестің мүшесі Мұхтар Тайжан жерді шетелдіктерге жалға берілмеу керектігін айтты. 

"Сондай-ақ маңызды тақырыптың бірі - жер мәселесі. Сіз өзіңіз шетелдітерге жер сатылмайды деп айтқан болатынсыз. Менің ұсынысым, жер шетелдіктерге жалға берілмесін. Сонымен қатар, өзіміздің қазақтарға да жекеменшікке берілмесін. Сонда ғана мәселе туындамайды", - дейді Мұхтар Тайжан. 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір