06 Қыркүйек, 2019 Барлық аймақтар
Тоқаев: Қытайдың 55 компаниясы... Мұның барлығы жалған!
Мұндай қауесет зұлым адамдардан шығады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елордада өтіп жатқан Ұлттық кеңестің алғашқы отырысында соңғы күндері халықа арсында өршіп кеткен қытайдың 55 компаниясына қатысты өзінің пікірін білдірді.
–Тағы да шегелеп айтамын, жерімізді ешкімге бермейміз. Халқымыздың мұң-мұқтажын әрқашанда ескереміз. "Елде әр түрлі қауесет тарап жүр. "Көрші елдің 55 компаниясы көшіп келеді екен, жер шетелдіктерге сатылады" деген. Мұның бәрі жалған, қауесет. Шетелдік инвестициялар елдегі игеру қажет салаларға тартылады. Мұндай қауесет зұлым адамдардан шығады. Соның ішінде эмоционалды адамдарды өздерінің нақты мақсаттарына жету үшін пайдалану. Мұндай айла-тәсіл геосаясаттың бір бөлігі екенін түсінуіміз керек, оның мақсаты – халықтың бірлігін бұзу. Қазақстандағы жағдайдың тұрақтылығын бұзу», - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық кеңестің алғашқы отырысында.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір