• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 06:10:41
Алматы
+35°

06 Қыркүйек, 2019 NEWS

Айдос Сарым: Саясатқа қатысты 22 заңнын 5 заңын қайта қарау қажет

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында "Саяси жаңғыру" жұмыс тобының мүшесі Айдос Сарым саясатқа қатысты 22 заңнын 5 заңын қайта қарауды, қажетінше өзгеріс енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Саясаттанушы "Митингілер туралы", "Саяси партиялар туралы, "БАҚ туралы, "Сайлау туралы, "Парламент туралы", Жергілікті басқару туралы" заңдарды қайта қарау, толықтырып, сын-ескертпелерді ескеріп толықтыру қажеттігін айтты.

Айталық, митингілер туралы заңға қатысты азаматтарға өз құқығын айтуға мүмкіндік беру, оған кедергі келтірмеу, халықаралық стандартқа сай қылу ұсынылса, Партия туралы заңға партия құруға кедергі келтіретін заңнамалық тосқауылдарды азайту қажеттігі айтылды.

Сайлау туралы заңға қатысты саяси топ сайлаудың аралас жүйесіне көшу пікірін білдірді. Парламент туралы заңға заң шығарушы органға өту табалдырығын төмендету, парламенттік оппозияға мүмкіндік беру, парламенттің ашықтығы пен жауапкерлігін арттыру мәселелері көтерілді.

– Бірімізге ұнасын-ұнамасын, дәл осы кезге саяси модернизация, саяси реформа деген мәселелерге қатысты нақты қоғамдық пікір қалыптасты. Жұмыс тобы барша жұмысты, айтылған пікірді зерделей келе саяси мәселелер елімізде қабылданған жиырма екі заңға қатысты екеніне көзін жеткізді. Алайда, осы кезге дейінгі барша дау-дамай саяси үдерістерді, олардың басты ережесін анықтайтын бес-алты заңның төңірегіне топшыланғанын да жоққа шығара алмаймыз.

Біздің ұсыныстардың басты бағыты – елдегі саяси үдерістерді демократизациялау, заңнаманы ұлт мүддесіне сай ырықтандырып, либерализациялау, билік тармақтары арасындағы қарым-қатынастардағы теңсіздікті жою, қоғам тынысын ашып, халық пен билік арасын жамау болып табылады.

Жұмыс тобы жүргізген мониторинг, осы кезге дейін істеп келген дискуссиялық алаңдар мен талқылардың материалдарын зерттеу, баспасөзде жарық көрген мақалалардың мазмұны, сарапшылар мен саясаткерлердің пікірі негізінен бес заңның аясындағы сын мен дау-дамай екенін айқын көрсетеді. Осы бес заң түзелетін болса, осы бесеуі ырыққа келсе, дұрыс сайлау өтеді, саяси плюрализм мен саяси белсенділікке, саяси бәсекелесіткке жол ашылады деген пайымдар бар.

Бұл заңдар:

«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» 1995 жылдың 17 наурызындағы заң;

2002 жылдың жазында қабылданып, сан мәрте жамалған «Саяси партиялар туралы» заң;

1999 жылы қабылданып, қырық жамалған «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң;

Бағынан соры көп, талай-талай даудың өзегі болып табылатын, 1995 жылы қабылданып, соңынан мың құбылған «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заң;

«Қазақстан Республикасы Парламенті мен оның депутаттары туралы» заң.

Сонымен қатар, қоғамдық орта мен санада «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы», «Сот реформасы және пенитенциарлық жүйелерді реформалар туралы» арнайы тұжырымдамалар бірінші кезекте қабылдануы тиіс деп отырмыз, –  деді Айдос Сарым өз сөзінде

Сондай-ақ Айдос Сарым халықаралық ізгілендіру талаптары негізінде өлім жазасы ұғымынан толық бас тартып, ғұмырлық бас бостандығынан айыру бабын енгізуді ұсынды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір