• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:27:50
Алматы
+35°

06 Қыркүйек, 2019 NEWS

Қазыбек Иса: Ұлытау сапары ұлт мүддесін ұлықтайтын кешенді шара керектігін ұқтырды

Кеңес мүшесі мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту үшін мемлекеттік тілді міндеттейтін заң қабылдау қажеттігін атап өтті.

Ұлттық идеологияны қалыптастыру – заман талабы. Ал Ұлттық мүддені қалыптастыру төл тілімізді өрістетуден бастау алады. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Қазыбек Иса айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Кеңес мүшесі мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту үшін мемлекеттік тілді міндеттейтін заң қабылдау қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ Ұлттық кеңес мүшесі Қазыбек Иса «мемлекеттік тіл мәселесін алдымен балабақша мен мектеп қабырғасынан бастау» қажеттігін айтты.

 –Мектебімізде шет тілін бірінші сыныптан оқыту туралы  келешегімізге кесір келеңсіздікке  бұрыннан қарсылығын танытып келе жатқан  Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев мұғалімдердің тамыз кеңесінде  бұл мәселеге нүкте қойды десек те болады. Енді ата-аналар қалауымен шет тілін екінші-үшінші сыныптардан немесе бесінші сыныптан кейін оқыту мәселесі күн тәртібіне шықты. Негізі бір тоқтамға келіп, шет тілін бастауыш сыныптан кейін оқыту дұрыс деп білеміз, – деді Ұлттық кеңес мүшесі, ақын Қазыбек Иса.

Ол Президентке ғана бағынышты мемлекеттік тіл агенттігін құру мәселесін көтерді.

Қазыбек Иса Ұлттық кеңес отырысында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Президенті ретінде Ұлытауға жасаған сапарының тарихи маңызы зор болғанын айта келіп, Алтын Орданың 750 жылдығы мен Жошы ханды қастерлеу үшін үлкен мерейтойлық шара өткізудің мәні бар екенін айтты.

–Мемлекет басшысының Ұлытау сапары мен ұлағатты сөздері рухымызды көтеріп, еңсемізді биіктетіп кетті. Жошы ханның Ұлытауда таққа отырғанына 2023 жылы 800 жыл толады. Қазақ мемлекеті тарихындағы елдік маңызы ерекше зор бұл мерейтой мемлекеттік деңгейде тойлануы тиіс! Міне, Қазақстан Президенті айтқандай,  Жошы ханға әлем назарын нағыз аударар кезең басталды деуге болады.

Мемлекет басшысының Ұлытау сапары Ұлт рухын көтерер саясат, ұлт мүддесін ұлықтайтын кешенді шаралар керектігін ұқтыруда. Бұл бастаманы қалың ел қуана қолдап жатыр. Тарихымыздың тамырында жатқан Алтын Ордадай ауқымы алып, терең тақырыпқа бүкіл халық, барлық қоғамдық-саяси қозғалыстар өз  үлестерін қосуы тиіс!, –деді Қазыбек Иса.

Жошы ханның киелі кесенесі мен келешек керемет кешені әлем саяхатшыларын тартып тұрар тарихи да, тартымды да, тамаша орынға айналар еді Өйткені, Ұлытауда Ұлы Жошы ханды ұлықтау Алтын Орданы асқақтатуға бастайды.

Ұлттық кеңес мүшесі Қ. Иса сондай-ақ өз сөзінде «қазақ тарихын нақты да, шынайы деректер негізінде қайта жазатын уақыт келгенін» айтты.

Кеңес мүшесі латын негізді қазақ әліпбиі мәселесін де айналып өтпеді. Оның айтуынша, әліпбидегі кемшіліктер түзетілуі тиіс. Мәселен "І" дыбысының бас әрпі "И" дыбысы бірдей таңбаланады. Бұл көптеген шатасушылыққа ұрандырып, "І" дыбысының жоғалуына соқтырады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір