• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 11:05:35
Алматы
+35°

06 Қыркүйек, 2019 NEWS

Жәнібек Қожық зейнет жасын төмендетуді ұсынды

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында кеңес мүшесі Жәнібек Қожық жұмыссыздық мәселесіне баса мән берді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Ол шетелдік жұмысшылар нөпірін заңдық тұрғыда реттеу ұсынысын білдірді.

"Халықтың жұмысы болып, алатын жалақысы ішіп-жеміне, киінуіне, ем алуына жетсе, одан артық көп нәрсені сұрамайды. Бізде шетелден келетін жұмысшылар мәселесі осы жағдайды өршітіп тұр. Бір ғана Теңізшевройл компаниясын алайықшы. Онда 50 мың жұмысшы істейді. Оның 10 мыңы шетелдік. Олардың бәрі жоғары сыныпты білікті маман емес. Араларында кран айдаушы сияқты қарапайым қызметкерлер көп. Соларды қысқартып, неге өз азаматтарымызда алмасқа. Осы тұрғыда шетелдік жұмысшыларға берілетін квотаны қайта қарау қажеттігі туып отыр. Бұл орайда заңдық өзгерістер қажет", – деді ол.

Сондай-ақ кеңес мүшесі зейнет жасына байланысты пікір білдірді.

"Бүгінде Қазақстан аяққа тұрған, даму жолына түскен мемлекет. Зейнет жасын алты ай сайын ұлғайтпай, керісінше азайтуға толықтай мүмкіндік бар. Сондықтан зерттеп, зерделей отырып, зейнет жасын әйелдер үшін 55 жас, ерлер үшін 60 жас ету бастамасын көтереміз", – деді кеңес мүшесі.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір